Идеал газ үшін МКТ - ның негізгі теңдеуі

Сабақтың тақырыбы

Идеал газ үшін молекулалық-кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі теңдеуіне есеп шығару.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды идеал газ үшін МКТ-ның негізгі теңдеуіне сүйене отырып есеп шығаруға үйрету, жеке тапсырмалар арқылы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін қалыптастыру және білімге деген құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз бетінше ізденуге және бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

  • Тірек сызба
  • Электронды оқулық
  • Сұрақ кеспелері
  • Тест тапсырмалары
  • Түрлі түсті фишкалар

Сабақтың әдісі және түрі

Әдісі

Оқытудың модульдік технологиясы.

Түрі

Практикалық сабақ.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарының дайындығын қадағалау. Білім деңгейі түрлі түсті фишкалар арқылы бағаланады.

Өте жақсы

Қызыл фишкамен белгіленеді.

Жақсы

Сары фишкамен белгіленеді.

Қанағаттанарлық

Көк фишкамен белгіленеді.

Толық емес жауап

Жартылай көк фишкамен белгіленеді.

2) Еске түсіру кезеңі

Қайталау сұрақтары арқылы алдыңғы білімді жүйелеу және негізгі ұғымдарды нақтылау.

  1. 1. МКТ деген не?

  2. 2. МКТ-ның негізгі қағидаларын атаңдар.

  3. 3. МКТ-ның негізін салған кім?

  4. 4. Идеал газ деп қандай газды айтады?

  5. 5. Идеал газ үшін МКТ-ның негізгі теңдеуі қандай?

  6. 6. Идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы неге тең?

  7. 7. Газ молекулаларының кинетикалық энергиясы мен температурасы арасындағы байланыс қандай?

  8. 8. Газ қысымының температураға тәуелділігі қандай?