Атты әскер

Ежелгі Қазақстан тарихы (6-сынып)

Тақырып: Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Халықтардың ұлы қоныс аударуының мәнін ашу, ғұн жорықтарының маңызын түсіндіру, тарихтағы ғұндардың орнын айқындау. Аттиланың өмірі мен қызметіне тоқталып, жан-жақты мәлімет беру.

Дамытушылық

Мемлекеттердің қалыптасуының алғышарттарын және негізгі белгілерін анықтай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Тарихи аңыз-деректер негізінде оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі ету.

Сабақ форматы

  • Әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
  • Түрі: аралас.

Қамтылуы

  • Көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта.
  • Пәнаралық байланыс: этнология, антропология, дүние жүзі тарихы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

  1. 1 Оқушылармен амандасу.
  2. 2 Сабаққа қатысу деңгейін анықтау.
  3. 3 Ынта-зейінді сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру (16 минут)

«Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы» тақырыбы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар арқылы өткен сабақ қайталанады. Сынып екі топқа бөлінеді: «Қыран» және «Сұңқар».

Тапсырмалар

  • 1-тапсырма: кестені толтыру.
  • 2-тапсырма: сызбаны толтыру.
  • 3-тапсырма: сәйкестендіру (ауызша).
  • 4-тапсырма: сөздерді толықтыру.
  • 5-тапсырма: анаграмма құру (ауызша).
  • 6-тапсырма: тест (ауызша).

Тест сұрақтары (ауызша)

  1. 1. Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді бағындырды?

    • a) Үйсіндерді
    • b) Ғұндарды
    • c) Византияны
    • d) Қытайларды
  2. 2. Қытай императорлары ғұндар шабуылынан қалай қорғанды?

    • a) Ұлы Қытай қабырғасын тұрғызды
    • b) Елді дуалмен қоршады
    • c) Рим әскерлерін жалдады
    • d) Салық төледі
  3. 3. Ғұндардың қоғамы неше руға бөлінді?

    • a) 24
    • b) 25
    • c) 14
    • d) 15
  4. 4. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларында моңғол тектес белгілердің пайда болуы кімдердің енуімен басталды?

    • a) Моңғолдардың
    • b) Түркілердің
    • c) Үйсіндердің
    • d) Ғұндардың
  5. 5. Қаңлылар мен солтүстік ғұндар одағы не себепті бұзылды?

    • a) Келісім уақыты аяқталды
    • b) Қаңлылар күштірек одақтас тапты
    • c) Ғұндар қаңлыларға бағынғысы келмеді
    • d) Қаңлылар ғұндарға бағынғысы келмеді
  6. 6. Ғұн құқықтарының негізгі көзі не болды?

    • a) Қытай заңдары
    • b) Салт-дәстүр
    • c) Бабалар рухына табыну
    • d) Шаньюйдің тілегі
  7. 7. Қай тайпалардың көшуі Ұлы көштің басталуына түрткі болды?

    • a) Ғұндардың
    • b) Үйсіндердің
    • c) Қаңлылардың
    • d) Сақтардың
  8. 8. Берілгендердің қайсысы ғұндардың Еуропада пайда болуымен байланысты емес?

    • a) Еуропаның Рим езгісінен азат етілуі
    • b) Халықтардың ұлы қоныс аударуы
    • c) Тілдік топтағы өзгерістер
    • d) Құл иеленушілік қоғамның ыдырауы
  9. 9. Ғұн әскері негізінен кімдерден құралды?

    • a) Жалдамалы әскер
    • b) Жаяу әскер
    • c) Атты әскер
    • d) Садақшылар
  10. 10. Ғұндардың Еуропа елдеріне жорықтарын кім басқарды?

    • a) Тоумын
    • b) Мөде
    • c) Чжи-Чжи
    • d) Аттила

III. Жаңа сабақты түсіндіру (15 минут)

Жоспар

  1. 1 Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы.
  2. 2 Ғұн жорықтарының маңызы.
  3. 3 Еділ патша (Аттила).

1) Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы

Этникалық құрамы әркелкі көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады.

Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті ішкі тартыстар мен сыртқы қысымның әсерінен әлсіреп, оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.

  • Оңтүстік бөлікті Хуанхэ шаньюй басқарды.
  • Солтүстік бөлікті оның інісі Чжи-Чжи басқарды.
  • Солтүстік ғұндардың ордасы Моңғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлі маңына орналасты.