Байлыққа азулылар күшпен жеткен, Аямай байлық үшін арын төккен
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
ҚОС ҮЙ
Сырлы үй сегіз қанат қоса тіккен,
Жинапты қазынаны биік жүктен.
Ең арты кесе, аяқ та алтын - күміс,
Таңғалдым: мұнша байлық қалай біткен!
Бір келген жолаушыға қиыр шеттен,
Көрсетіп қазынасын мақтан еткен.
Жиналған бір орынға топас күшпен —
Момынның жасы шығар сығып төккен.
Байлыққа азулылар күшпен жеткен,
Аямай байлық үшін арын төккен.
Кедейдің маңдай тері, табан ақы,
Бақ емес, қыдыр емес дарып біткен.
Құралған ондай байлық арам дерттен
Бейнетсіз рахат болып түскен тектен.
Әлсіздің адал малын тартып алып,
Дейді екен: құдай бізге нәсіп еткен .
Не үшін кім берді екен шенді шекпен,
Қандайлық қызметі үшін халыққа еткен?
Еңбегін момын елдің күшпен талап,
У үшін алған шығар елге сепкен.
Байлық пен дүниені қылған мақтан,
Сол үшін падишаға елді сатқан,
Бар байлығы жинаған көздің жасы,
Еңбекпен бір малы жоқ терлеп тапқан.
Кемдік жоқ онда енді мал мен бақтан,
Толықсып төрт құбыла шалқып жатқан.
Неғұрлы бақ пен дәулет артқан сайын,
Соғұрлы уландыра елді шаққан.
Сары жез — ит қарғысын шен деп таққан,
Ел сатқан, пара берген — сөйтіп жаққан.
Қозғалып дүлей дауыл топандатса,
Болмассың жаңқа құрлы қалқып аққан.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Сөзден сыр түйген қаламгер
Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
Ғабит Мүсірепов - портретші
Мәриям Хакімжанова
Байтұрсынұлы Ахмет
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
«киниктер» терминінің шығу тегі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Қазақ Жоңғар қатынастарының шиеленісуі
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ АРЫНҒАЗЫ туралы