Қазақ тілін зерттеген ғалымдар кімдер

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Қазақ тілі, 5-сынып

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Сабақ типі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Көрнекілік, ізденушілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, сюжетті суреттер

Мақсаттар

Білімділік

Үш тұғырлы тіл аясында білімді кеңейту, қазақ тілінен алған білімді басқа тілдерде қолдана білуге бағыттау.

Дамытушылық

Өз бетінше әңгіме құрастыруға, ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік

Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу, тілге, әсіресе мемлекеттік тілге қызығушылықты арттыру.

Сабақ барысы

I қадам. Білу

Оқушылар сабақтың бірнеше қадамнан тұратынын біледі және үш тілде сұрақтарға жауап береді (қазақ, орыс, ағылшын).

  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде не істейміз?
  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдері аптасына неше рет болады?
  • How many times do you have English lessons?
  • What do you do at English lessons?
  • Let’s start our lesson.

II қадам. Түсіну (үй тапсырмасын тексеру)

Үй тапсырмасы: қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары туралы мағлұматты толықтырып, жаттап келу.

Оқулық: 201-бет, 4-тапсырма — Венн диаграммасы (Қазақ тілі / Ағылшын тілі).

III қадам. Талдау

Грамматикалық тақырып: сын есім. Мақал-мәтелдерді оқып, антонимдерді табу және орысша, ағылшынша аудармасын беру.

Мақал-мәтелдер

  • Ақылды көргенін айтады, ақымақ ішкенін айтады.
  • Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
  • Жақсы ұл еліне — бас, жаман ұл — еліне қас.
  • Ащы мен тұщыны татқан білер.
  • Жақын мен алысты жортқан білер.
  • Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын.

Антонимдер (қазақша — орысша — ағылшынша)

Қазақша Орысша Ағылшынша
Ақылды / Ақымақ умный / глупый clever / silly
Ұзын / Қысқа длинный / короткий long / short
Жақсы / Жаман хороший / плохой good / bad
Ащы / Тәтті горький / сладкий bitter / sweet
Жақын / Алыс близкий / далеко close / far away
Оң / Сол правый / левый right / left

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әнімен/жаттығумен сергіту.

IV қадам. Жинақтау

Карточкамен жұмыс

Оқушылар карточкаларды таңдап, келесі беттегі сөздермен диалог немесе әңгіме құрастырады. Жұмыс үш тілде орындалады.

Табиғат Мысық Ит Спорт Отан Қостанай

Ойын: «Фонетикалық тамшылар»

Әріптерге дыбыстық талдау жасау арқылы тілдік дағдыны бекіту.

V қадам. Қолдану

Жасырын жағдаяттар

Мұғалім үш жағдаятты жасырады: дүкенде, дәрігердің қабылдауында, аялдамада. Оқушылар 2 минут ішінде диалог құрастырады.

Жеке және жазбаша жұмыстар

  • Тест жұмысы.
  • «Жақсы, жаман, қызыл, ақ» сөздерімен сөз тіркестерін құрастыру.
  • Семантикалық картаны толтыру.
  • Сын есімнің шырайларын қайталау.

Сабақты қорытындылау

  1. 1 Қазақ тілі сабағында не істейміз?
  2. 2 Қазақ тілі сендерге ұнай ма?
  3. 3 Қазақ тілін зерттеген ғалымдар кімдер?
  4. 4 Қазақ тілінде қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Үй тапсырмасы

«Қазақ тілі — мемлекеттік тіл» тақырыбында эссе жазу.

VI қадам. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.

Мұғалімі: Ибраева М. Д.