Сабақтың мақсаттары. Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу
Сауат ашу • 1-сынып
Сабақ тақырыбы: Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
- 1.1.9.1 — сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
- 1.2.1.1 — сөз және сөйлем сызбасын оқу.
Сабақ мақсаттары
Барлығы
Жаңа білімді меңгереді.
Көбі
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минутЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Мұғалімнің бағыттауы
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінуді үйрену қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы
8 минут№1 Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
- •Өлең не туралы?
- •Сауатыңды ашатын қай кітап?
№2 Тапсырма
Берілген заттардың алғашқы әріптерінен сөз құрастыр. Құрастырылған сөз — сұрақтың жауабы болады.
Сергіту сәті
1 минут
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
Қызықты тапсырма
8 минутЕрежені есіңде сақта!
Айналамыздағы заттардың барлығының атауы болады. Біз оны бір-бірімізге сөз арқылы жеткіземіз. Жазуға үйренгенше сөздің сызбасын қолданамыз.
Аяқталуы
16 минут№3 Тапсырма
Суретте көрсетілген заттарды ата.
Ескерту: суреттер берілсе, атауларын оқушылар ретімен атайды (мысалы: оқу құралдары, сынып заттары).
Автор орындығы әдісі бойынша жауаптарды тыңдау ұсынылады.
№4 Тапсырма
Сөмкеге оқушыға қажетті оқу құралдарын ғана сал.
Сабақтың соңы
2 минутРефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа ауызша кері байланыс береді.
Кері байланыс мазмұны
Оқушылар өз топтарының жұмысын және басқа топтардың жұмыстарын бағалап, ұсыныстарын айтады. Сабақ барысында шығармашылықпен жұмыс істеу және топтық жұмыстың пайдасын түсінгені байқалады.
Мұғалімі
Рисжанова Эльмира Амангельдиновна