Флипчартта жұмыс істеу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Рахметова Құралай Болатбекқызы.

Сабақтың тақырыбы

Жіктеу есімдіктерінің септелуі.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуі туралы мәлімет беру, түсіндіру және білімін тереңдету.
  • Флипчартпен жұмыс арқылы қызығушылықты арттыру.
  • Интерактивті тақтада қаламды дұрыс ұстауға, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі және көрнекілігі

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, алдын ала дайындалған флипчарт.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларға бүгінгі сабаққа қонақтар (ұстаздар) келгенін хабарлау.
  • Қонақтарға білімімізді көрсетіп, белсенді қатысуға ынталандыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

26-жаттығу: флипчартта оқушылар сөздердің астын сызады.

1-флипчарт

III. Жаңа сабақ

1-тапсырма

Оқушылар интерактивті тақтадағы флипчартта қалам арқылы есімдіктерді тауып, астын сызады.

2-флипчарт

2-тапсырма

Оқушылар интерактивті тақтадағы флипчартта қарамен жазылған есімдіктердің астын сызады.

3-флипчарт

3-тапсырма

Төмендегі сөздерді тиісті орнына қой. Тапсырма флипчартта орындалады.

4-флипчарт

Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
мен, сен, ол, біз менің, сенің, оның, біздің маған, саған, оған, бізге мені, сені, оны, бізді менде, сенде, онда, бізде менен, сенен, одан, бізден менімен, сенімен, онымен, бізбен

4-тапсырма

Оқушылар флипчарттағы ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты қысқа әңгіме құрайды.

5-флипчарт

IV. Бекіту

Оқушылар сурет таңдайды және суреттің астындағы сұрақтарға жауап береді.

V. Бағалау

«Төрт» дегенің — жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.

«Бес» дегенің — үздік баға,
Оқы, әрдайым үздік қана.

VI. Үй тапсырмасы

Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.

Жіктеу есімдігінен алған білімді
Ұмытпай, есте сақтайық.

30-жаттығу: орындау.

Ереже: қайталау.