Негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу
Сабақтың тақырыбы
Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты
- 1) Оқушылардың зат есім туралы білімін бекіту; негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беру; сөйлем ішінен зат есімді табуға үйрету.
- 2) Зат есім туралы білімдерін толықтыру; ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру; сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
- 3) Ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Әдісі
- СТО элементтері
- Түрі
- Аралас сабақ
- Негізгі дағдылар
- Талдау, салыстыру, жазылым, сөз құрамын анықтау
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, балалар!
Күннің көзі сіздерге жылылық сыйласын. Бәріміз бірге қуанайық, бәріміз бірге дос болайық!
2) Ой қозғау. Ынталандыру сұрақтары
Сұрақ: «Мен кіммін?» (оқушылардың ойын тыңдау)
Адам — мамандық иесі. Мамандық түрлері көп.
Талқылауға арналған тіркестер
- Ең қызықты мамандық
- Ең тәтті мамандық
- Ең сақ
- Ең нәзік
- Ең шығармашыл
- Ең жауапты
- Ең салмақты
- Ең ауыр
- Ең алдамшы
Сұрақтар:
- Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есім нешеге бөлінеді?
Тірек сызба арқылы жауаптарды жүйелеу ұсынылады.
3) Мағынаны ашу. Жаңа сабақ
Негізгі ұғым
Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Анықтамалар
Негізгі зат есім — түбірден жасалған зат есім.
Мысалдар: күн, дос, үй
Туынды зат есім — түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім.
Мысалдар: жұмысшы, жыршы, әнші
4) Оқулықпен жұмыс
19-жаттығу: Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып, сөз құрамына талдау жаса.
Тірек сұрақтар:
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
5) Жатқа жазу
21-жаттығу: Мәтінді жатқа жаз.
Шын еңбекшіл — өрмекші.
Өрмекші — шын өрнекші.
6) Сергіту сәті
Күй таңдау (қысқа сергіту әрекеті).
Терме диктант
Туынды зат есімдерді теріп жазып, олардың түбірін тап.
7) Практикалық жұмыс. 1-нұсқа
Мәтін: «Біздің отбасы»
Әкем — құрылысшы.
Апам — сауыншы.
Ағам — егінші.
Жеңгем — тігінші.
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.
А. Сопыбеков
8) Ой қозғау. Жұмбақ
Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
9) Шығармашылық тапсырма
Тақырып: «Шаштараз». Оқушылар осы мамандыққа байланысты сөйлемдер құрап, туынды зат есімдерді анықтайды.
10) Қорытынды
- Не үйрендік?
- Не білдік?
11) Үй жұмысы. Бағалау
Үй жұмысы беріледі. Оқушылардың жұмысы бағаланып, жетістіктері үшін мадақталады.