Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бір-бірін шын сүйеді екен. Бірақ соған қарамастан, екеуі құдайдың құтты күні ұрыса береді екен. Ал дәл көрші үйде керісінше, бір-біріне жарасқан ғашық жұп өмір сүріпті — сырт көзге олардың отбасы нағыз бақыттың өзі сияқты көрінеді.
Бір күні әйел күйеуіне: «Көршілердің бақытты болуының құпиясын біліп келші» деп өтініш айтыпты. Күйеуі көрші үйге барып, күтпеген көрініске куә болады.
Бір шелек су және үлкен сабақ
Көрші үйдің келіншегі еден жуып отыр екен. Қасына су толы шелекті қойыпты. Бір сәтке ғана әйел басқа жаққа бұрылып кеткенде, арғы бөлмеден шыққан күйеуі шелекті байқамай қалады да, аяғымен іліп кетеді. Шелек аударылып, су еденге төгіледі.
Күйеуі жүгіріп келіп, әйелінің қолындағы шүберекке жармасып:
«Кешір, қымбаттым. Байқамай қалдым, жазатайым ілініп кетті», — деп әлек болады.
Ал әйелі де суды сүртіп жатып:
«Иә, өзім де шелекті дәл ортаға қойып кетіппін. Мұнда менің де кінәм бар», — дейді.
Құпия — кінә іздемеу
Үйіне оралған күйеуі әйеліне: «Шынында да бақыттың құпиясы бар екен — мен оны өз көзіммен көрдім», — дейді.
«Біз ренжіскен сәтте бір-бірімізді кінәлаймыз. Ал олар керісінше, кешірім сұрайды екен. Біз ұрысқанда — екеуміз де дұрыс болғымыз келеді. Ал олар ұрысса — екеуі де өзінен кінә табады».
Дайындаған: Жадыра
Дереккөз: happyphilosophy