Жібек жіп
Жобаның мазмұны
I. Кіріспе
- Қыз Жібек қиссасының сан ғасырдан бері айтылып келе жатқан нұсқалық шындығы.
II. Негізгі бөлім
- Қиссадағы Қыз Жібектің арғы кездегі аңызы.
- «Жібек» сөзінің мән-мағынасы және жіп туралы деректер.
- Түйінді ой.
III. Қорытынды
Жобаның тұжырымдары мен ұсыныстары жинақталады.
Жобаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Халқымыздың көне қиссасы туралы деректерге тоқталып, ой қозғау. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және насихаттау.
Міндеті
Әлі толық ашылмаған мәліметтермен таныстыру арқылы әртүрлі саналы ұғымдардың құндылығын тануға, ізденіске ұмтылдыру.
Өзектілігі
Әдеби-мәдени мұраны насихаттау арқылы жоғары сауаттылықты қалыптастыру.
Маңыздылығы
Әдеби кейіпкер есімімен байланысты ұғымдарды қалыптастыруға ықпал ететін тұстарды зерттеп, талдауға бағыт береді.
Нәтижелілігі
Жоба соңында ұсынысты қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізудің маңызын ұғындыру.
Қыз Жібек жырының нұсқалары
«Қыз Жібек»
Мұсабай жырау нұсқасы
«Қисса Қыз Жібектің хикаясы»
Жүсіпбек қожа нұсқасы
«Қыз Жібек»
Шеге ақын нұсқасы
«Қыз Жібек»
Қаршыға нұсқасы
Халық әнінен үзінді
Көшкенде жылқы айдадым ақтабанмен,
Болмайды жаман жақсы мақтағанмен.
Қолымнан жібек баулы тұйғын ұшты,
Тұғырға қайта қонбас қақсағанмен.
«Жібек» және «жіп»: ұғымдар мен деректер
Жіптің жалпы мағынасы
- Жіп — әр нәрсені бір-біріне байланыстыратын, жалғастыратын құрал.
- Жібек жіп тұт ағашының жапырағымен қоректенетін жібек құртының қуыршақ күйінде бөліп шығаратын жіңішке талшығынан алынады.
- Талшық тарқатылып, оралып, өндіріске жіберіледі; нәтижесінде жібек мата дайындалады.
Белді байлайтын жіп
Монғол тілінде жіпті «балбэ» дейді. Қазақша мұны «белбау» мағынасында түсіндіруге болады, өйткені ол белді байлайтын жіп.
Садақтың жібі
Жебені (оқты) ату үшін садақ жібі кесе-көлденең тартылады. Садақ тартылған сәтте бау дірілдеп, үшкір басы нысанаға бағытталған жебе алға ұмтылады.
Тұт ағашы туралы аңыз
Ертедегі адамдардың алғашқы тұрмысында тәнін жапқан нәрсе тұт ағашының жапырағы мен қабығы болғаны айтылады. Аңыз бойынша, ағаш адамға киімге жарар қабығын беріп, өзі «жалаңаш тұттай» болып қалған деседі.
Жібек құрты жайлы түсінік
Тұт жапырағымен қоректеніп, жібек талшығын түзетін жібек құрты туралы «қасиетті жәндік» деген аңыз-ұғым кездеседі.
Әлемдік сюжеттердегі «жіп» бейнесі
Грек мифі: Ариаднаның жібі
Аңыз бойынша, Ариадна Тесейге бір шумақ жіп береді. Тесей жіптің бір ұшын сарай (лабиринт) есігіне байлап, ішке қарай тарқатып жүріп кіреді. Қайтар жолда сол жіпті жинай отырып, сыртқа шығады.
Мысыр аңызы: Верониканың шашы
Птоломей патшаның қызы Вероника күйеуі соғысқа аттанарда шашын кесіп, Шолпан ғибадатханасына садақа етеді деген әңгіме бар. Кейін ол «Верониканың шашы» аталған жұлдызға айналғаны айтылады.
Дулаттың даналық ойы
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?
Сөз — жібек жіп, жыр — кесте,
Айшығы айқын көрінбес
Өрнексіз тігіп баттаса.
Түйінді ой: «Қыз Жібектің тұмары»
«Жібек» сөзіндегі -ек, -оқ қосымшалары аспан, өмір мағынасын меңзейді деген пайым бар.
«Жібек» атауының өзінде әлемдік құрылыстың тарту күші — табиғи махаббаттың сыры жатыр деген тұжырым жасалады.
Байланыстыратын бейне
Ариаднаның жібі, Верониканың шашы, Қыз Жібек бейнесі — бәрі де аспандағы Шолпанға телінетін магниттік тартылыс, байланыс жібі туралы ұғыммен сабақтастырылады.
Ұсыныстар
- Көп талқыға түспеген тақырыптарды ғылыми жоба зерттеулеріне арқау етіп, ізденіс аясын кеңейту.
- Келешек ұрпақты әдебиетке баулуға бағытталған іс-шараларды халқымыздың мұрасы негізінде жүйелі өткізу.
- Жоба материалдарын жинақтап, кітапша (шағын басылым) түрінде шығару мүмкіндігін қарастыру.