Ежелгі жәдігерлерді ажырата білу

Пән: Дүниетану Сынып: 1 Мектеп: №10 ЖББОМ Мұғалім: Нұртаза Н.Қ.

Сабақ тақырыбы: «Алтын адам туралы аңыз»

Бұл сабақта оқушылар ежелгі заманның танымал тарихи жәдігерлерімен танысып, «Алтын адам» туралы аңызды тыңдап, монеталардың мәні мен түрлері туралы бастапқы түсінік қалыптастырады.

Оқу мақсаты

1.3.1.2 — ежелгі заманның танымал тарихи жәдігерлері туралы әңгімелеу.

Құндылықтарға бағдар

Қазақстан мәдениетін тануға тәрбиелеу, тарих, мәдениет және тілдің біртұтастығын сезіндіру, туған жерді сүюге баулу, жәдігерлерді құрметтеуге үйрету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ежелгі заман жәдігерлері, Алтын адам, монеталар туралы біледі.

Көптеген оқушылар:

Танымал тарихи жәдігерлер мен оқиғалар туралы айта алады.

Кейбір оқушылар:

Ежелгі жәдігерлерді ажыратып, ерекшеліктерін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

  • 1 Ежелгі заманның жәдігерлері мен Алтын адам туралы біледі.
  • 2 Жәдігерлер туралы әңгімелейді; монеталардың түрлері мен тарихы туралы бастапқы мәлімет береді.

Тілдік мақсаттар

аңыз монета батыр жәдігер

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

  • Әскердің сауыт-саймандары неліктен осы күнге дейін сақталған?
  • Күнделікті өмірде алтынды қай жерлерден кездестіруге болады?

Математика

Ақшаны ажырату, санау, «Менің монетам» тапсырмасы арқылы қарапайым қаржылық сауаттылықты дамыту.

Көркем еңбек

Қағаздан Алтын адамның құрал-жарақтарын жасау (оригами, қатырма қағазбен жұмыс, мүсіндеу).

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Оқушылар қол алысып, шеңбер құрып амандасады. Шеңбердің ұқсастығын талқылау арқылы «әр елдің шекарасы бар» деген ойға келіп, әр аймақтың өзіндік тарихы болатыны еске салынады.

Қол алысып, кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қал қалай деп үш тілде,
Амандастық бәріміз!

Топқа бөлу (суреттер арқылы)

  • 1-топ: Садақ
  • 2-топ: Найза
  • 3-топ: Қылыш
  • 4-топ: Шоқпар

Қызығушылықты ояту: «Сұрақ-ілмегі»

  • Суреттерден нені көріп тұрмыз?
  • Ежелгі заманда батырлар қандай қару-жарақ қолданған?
  • Көне жазбалар дегеніміз не?
  • Түрік қағанаты қандай ел болған?

Сабақтың ортасы

негізгі бөлім

Жаңа тақырып: «Алтын адам»

10 минут

  • Бейнежазба көрсету: «Алтын адам».
  • Оқулықпен жұмыс: мұғалім «Алтын адам туралы аңызды» мәнерлеп оқып береді.
  • Монеталар және нумизматика туралы қысқаша түсіндіру: монета — ақша, оның тарихы мен түрлері бар.

БК–1 (бағалау критерийімен байланыс)

Ежелгі заманның жәдігерлері мен Алтын адам туралы білу.

«Аңыздар әлемі» әдісі (жұптық жұмыс)

7 минут

Тапсырма: ежелгі заманның жәдігерлерін ажырат. Алтын адам мен монеталарды белгіле.

Дескриптор:

  • Ежелгі заманның жәдігерлерін ажыратады.
  • Алтын адам мен монеталарды дұрыс белгілейді.

Сергіту сәті

3 минут

Қимыл-қозғалысқа негізделген қысқа жаттығулар арқылы назарды қайта жинақтау.

«Зерттеу алаңы» әдісі (топтық жұмыс)

5 минут

Оқушылар қауіпсіздік ережелерімен танысады (қайшымен абай болу, ұсақ заттарды ауызға салмау). Әр топ өз тапсырмасын орындайды.

1-топ: Венн диаграммасы

Томирис пен Алтын адам бейнесін салыстыру.

2-топ: Мүсіндеу

Алтын адам бейнесін ермексазбен мүсіндеу.

3-топ: «Автор орындығы»

Бас киім киіп, «Алтын адам» рөлінде сұрақтарға жауап беру.

4-топ: Оригами / макет

Қатырма қағаздан Алтын адамның қару-жарақтарын бейнелеу.

Дескриптор:

  • Томирис пен Алтын адамды салыстырады.
  • Алтын адам бейнесін мүсіндейді.
  • Рөлге еніп, сұрақтарға жауап береді.
  • Қаруды/жарақты қағаздан бейнелейді.

«Жалғасын тап» ойыны

Оқушыларға әріптер беріледі. Әріптерден сабаққа қатысты сөз құрастырады:

«жәдігер»

ж, д, ә, г, і, е, р

«аңыз»

ң, ы, з, а

«монета»

н, е, т, м, о, а

Кластер әдісі (жұптық жұмыс)

Тапсырма: Алтын адамның қасиеттерін және сырт келбетін сипатта.

Дескриптор:

  • Алтын адамның қасиеттерін жазады.
  • Сырт келбетін сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау: әр тапсырмадан кейін оқушыларға «тиындар» беріледі (ынталандыру және ілгерілеуді белгілеу үшін).

Сабақтың соңы

қорытынды бөлім

Ежелгі монеталар: бейнежазба және талқылау

2 минут

БК–2

Жәдігерлер туралы әңгімелеу; монеталардың түрлері мен тарихын білу.

«Суретін сал» әдісі: «Менің монетам» (жұптық жұмыс)

5 минут

  • Дәптермен жұмыс: 43–44-беттер.
  • Оқушы өз монетасын ойлап табады және суретін салады.
  • Жұбымен ежелгі монеталар туралы әңгімелейді (математикамен байланыс: санау, ажырату).

Дескриптор:

  • Өз монетасының идеясын ұсынады.
  • Суретін салады және жұбымен қысқаша әңгімелейді.

Бағалау

«Бас бармақ» тәсілі арқылы өзара бағалау (орташа / жақсы / өте жақсы).

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

3 минут

Қызыл жетон: сабақ өте қызық өтті.

Сары жетон: сабақ жақсы өтті.

Жасыл жетон: түсінбедім, ұнамады.

Саралау, қауіпсіздік және бағалау

Саралау

Оқушылардың қабылдау деңгейіне қарай топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастырылады. «Тапсырма» тәсілі арқылы деңгейі әртүрлі тапсырмалар беріледі. Үлгерімі төмен оқушыларға топ ішінде қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалау

Әр тапсырмадан кейін «тиын» беру арқылы ынталандыру жүргізіледі. Өзара бағалау: «Бас бармақ» әдісі. Сабақ соңында жиналған теңгелер санына қарай «алтын түсті монета» тәттілері таратылады.

Денсаулық және қауіпсіздік

Сергіту сәтін орындау, топтық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін еске салу: ұсақ заттарды ауызға салмау, қайшымен жұмыс жасағанда абай болу.

Сабақ бойынша редакциялық қорытынды

Сабақтың жетістігі

Тақырып толық ашылды: оқушылар танымдық тапсырмалар арқылы мақсаттарға жетті. Теория мен практиканы ұштастырып, шығармашылық жұмыстар орындады.

Кері байланыстан түйін

Әртүрлі стратегияларды тиімді қолдану сабақтың құрылымын жақсартып, оқушылардың қызығушылығын арттыратыны, өз бетімен іздену мен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Келесі қадамдар

  • Сабақты «Балалар философиясы» әдісімен бастап, ынталандыру материалдарын толық қарастыруға уақыт бөлу.
  • Топтық жұмысты жандандыру үшін «Айналмалы бекеттер» әдісін енгізу.
  • Бекіту кезеңінде «Ара ұясы» техникасын қолданып, пікір алмасу арқылы қорытынды жасау.

Екі мықты аспект

  1. «Алтын адам» туралы бейнежазба оқушылардың қызығушылығын күшейтті.
  2. Кластер әдісі арқылы оқушылар өз ойларын нақты жеткізді.

Жақсартуға ықпал ететін факторлар

  1. «Зерттеу алаңы» әдісі бойынша орындалған тапсырмаларды уақытпен нақтылау.
  2. Қалыптастырушы бағалаудағы «тиын» жүйесін критерийлермен айқынырақ байланыстыру.

Сынып туралы байқау

Сараланған тапсырмалар жекелеген оқушылардың жетістікке жетуіне көмектесті. Үлгерімі төмен оқушыларға топтық тапсырмалар кезінде қосымша бағыт-бағдар және қолдау қажет.