Күннің суреті
Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар. Статистиктердің зерттеуіне сәйкес, жыл сайын 25 миллион адам жұмыс орнын ауыстырады, ал олардың шамамен 12%-ы қайтадан бұрынғы орнына оралады.
Бұл дерек мамандық таңдауда қателесу жиі кездесетінін көрсетеді. Ендеше, мамандық дегеніміз не? Қоғамға пайда әкелетін, адамға жарасымды істі қалай таңдаймыз? Бүгін осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісеміз.
Мамандық — адамның өмір сүру көзі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Пікірталас сұрақтары
Қатысушылар өз көзқарасын еркін айтып, дәлел келтіріп, бір-бірін тыңдауға бағытталған сұрақтар:
- 1 «Маман иесі» деген ұғымды қалай түсінесің?
- 2 Ата-анаң сенің болашақта жақсы мамандық иесі болып, үлкен азамат болып өсуің үшін қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
- 3 Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қай бағытты таңдайтыныңды, қай оқу орнында оқитыныңды және болашақ кәсіби қызметіңді ойластырдың ба?
- 4 Өзің тұратын өңірге қандай мамандықтар қажет? Сол қажеттілік пен жеке қызығушылығыңды қалай үйлестіресің?
«Ең жақсы» ойыны
Жүргізуші мамандықтарға тән ерекше сипаттамаларды айтады, ал оқушылар сол сипаттамаға сәйкес мамандықты атайды.
Ең «жасыл»
Эколог, географ, бақташы
Ең «тәтті»
Аспаз, кондитер
Ең «ақшалы»
Банк қызметкері, экономист
Ең «күлкілі»
Клоун
Ең «жауапты»
Судья, бухгалтер
Ең «салмақты»
Мұғалім, заңгер
Ең қарым-қатынасы күшті
Кәсіпкер, менеджер
Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген парақшалар таратылады. Оқушылар бүгінгі кездесуден алған әсерін және бір-біріне тілегін таңдаған суретіне жазады.
Күн
Жақсы, көңілді әсер
Бұлт
Орташа әсер
Жаңбыр
Төмен әсер
Қорытынды
«Адам кез келген жұмысқа бірдей жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік әрі жақсы атқарса, соғұрлым білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет жасасақ та, сол істен рақмет табу, соның рахатын көру — біздің мақсатымыз».