Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Мақсаттар

Жаңа білім

  • Сандардың бөлгіштері мен еселіктері ұғымдарымен танысады.
  • Жай және құрама сандар туралы біледі.

Жаңа түсінік

  • Бөлгіш пен еселікті ажыратады.
  • Жай және құрама сандарды айырып таниды.

Қолданым әрекеті

  • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табады.
  • Есе арттыру және есе кеміту тәсілдері арқылы санның еселігі мен бөлгішін анықтаудың мәнін түсінеді.

Шығармашылық әрекет

  • Бөлгіштер мен еселіктер туралы білімін жинақтайды.
  • Қорытынды жасап, тұжырымдайды.

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Анықтама

Егер a натурал саны d натурал санына бөлінетін болса, онда a саны d санының еселігі, ал d саны a санының бөлгіші деп аталады.

Мысал

8 саны 4 санына бөлінеді. Сондықтан 84-тің еселігі, ал 48-дің бөлгіші.

Тапсырма

Еселік пен бөлгішке өз мысалдарыңды келтіріңдер.

Жауап үшін орын:

Жай және құрама сандар

Натурал сандар бөлгіштерінің санына байланысты жай және құрама сандарға бөлінеді.

Жай сан

1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан жай сан деп аталады.

2 — жай сан, өйткені ол тек 1 мен 2-ге бөлінеді.

5 — жай сан, себебі ол тек 1 мен 5-ке бөлінеді.

Өз беттеріңше мысалдар келтіріңдер.

Ескерту: Жай сандар шексіз көп.

Құрама сан

Екіден артық бөлгіші болатын сан құрама сан деп аталады.

6 — құрама сан, себебі оның төрт бөлгіші бар: 1, 2, 3, 6. Яғни бөлгіштерінің саны 2-ден артық.

Өз беттеріңше мысалдар келтіріңдер.

Ескерту: 1 санының бір ғана бөлгіші бар. Демек, 1 саны жай сан да, құрама сан да емес.

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын тексеріңдер.

  1. 1) 5 саны 15-тің бөлгіші болады.

  2. 2) 75 саны 15-тің еселігі болады.

  3. 3) 8 саны 24-тің бөлгіші болады.

  4. 4) 72 саны 8-дің еселігі болады.

  5. 5) 3 саны 105-тің бөлгіші болады.

  6. 6) 66 саны 9-дың еселігі болмайды.

Жауаптарыңды негіздеп жазыңдар: