Қаттама нан пеште (духовка) пісіруҚұрамы:Ұн - 500 грТұз - 1 шай қасықШекер - 1 - 2 шай қасықСұйық май - 1 шай қасық (қоспауға да болады)Ашытқы (дрожжи) - 1 шай қасықЖылы су - 250 - 300 млСары май - 250 грДайындау тәсілі
Қаттама нанды пеште (духовка) пісіру
Үй жағдайында қабат-қабат болып үлпілдеп пісетін қаттама нан. Төмендегі өлшемдермен қамыр жұмсақ, ал нанның іші нәзік әрі майлы болып шығады.
Дайындау уақыты
- Қамырдың көтерілуі: 20–25 минут
- Пісіру: 20–25 минут
Кеңес
Қамырды жұмсақтау илеңіз: тым қатты қамыр қабаттанып жақсы ашылмайды. Майды жағып болған соң ораған кезде қатты қыспай орау да маңызды.
Құрамы
- Ұн 500 г
- Тұз 1 шай қасық
- Шекер 1–2 шай қасық
- Ашытқы (дрожжи) 1 шай қасық
- Жылы су 250–300 мл
- Сұйық май 1 шай қасық (қоспауға болады)
- Сары май 250 г
Дайындау тәсілі
-
1
Ұнды електен өткізіңіз. Жылы суға тұз, шекер, ашытқы және қалауыңызша сұйық майды қосып, жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Қамырды жақсылап илеген соң, бетін жауып, жылы жерге 20–25 минут көтерілгенше қойыңыз.
-
2
Қамыр көтерілген соң оны 2–3 бөлікке бөліңіз. Әр бөлікті жұқалап жайып, ерітілген сары майды бетіне біркелкі жағыңыз.
-
3
Май жағылған қамырды ұзынша етіп орап, кейін оны шиыршықтап дөңгелек пішін жасаңыз.
-
4
Дөңгелек қамырды қолмен жайып, қалыңдығын тандыр нанның қалыңдығындай етіп келтіріңіз.
-
5
Күлшенің бетін шанышқымен шоқып шығыңыз. Үстіне сүт жағып, алдын ала қыздырылған пеште қызарғанша пісіріңіз: 20–25 минут.
Дәмді болсын!