Сабақ атауы
Сабақ тақырыбы
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым (7-сынып)
Жалпы мақсат
- Физика ұғымын, физикалық терминдер мен негізгі түсініктерді ашып көрсету.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға және пайымдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Физика ұғымын біледі және оның техникамен байланысын түсінеді.
- Табиғат құбылыстарын түсіндіреді, физик ғалымдардың еңбегін атайды.
- Физиканы басқа ғылымдардан ажырата алады.
- Ғылыми-техникалық төңкерістің ғасырлық маңызын бағалайды.
Негізгі сұрақ
Физика табиғатты қалай түсіндіреді және адам өміріндегі технологиялық өзгерістерге қандай жол ашады?
Тірек сөздер
Негізгі идеялар
Физиканың мақсаты
Физиканың басты мақсаты — табиғатта жүретін әртүрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге келтіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық ұғым
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін ашып беретін терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.
Дене
Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады.
Зат
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі зат деп аталады.
Физика мен техника жетістіктері
- Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
- ХХ ғасырда физика мен техниканың дамуы адамзаттың ғарышқа көтерілуіне мүмкіндік берді.
- Лазердің пайда болуы ғылым мен өндірісте жаңа мүмкіндіктер ашты.
- Кибернетика мен электрондық есептеуіш техниканың дамуы ақпараттық қоғамның негізін қалады.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
Оқушылар «техника», «құбылыс», «материя» сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді. Топқа бөлу түстер арқылы ұйымдастырылады.
II. Физика курсына шолу
Пәннің мазмұны, мақсат-міндеттері және күнделікті өмірмен байланысы қысқаша таныстырылады.
III. Жаңа сабақ
Талқылау сұрақтары (2 минут)
- Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?
- Физиканың мақсаты неде?
- «Табиғат» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылар берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе талқылайды.
Әр топтың бақылаушысы орындалған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
IV. Дамыту кезеңі
Жаттығулар (1, 2) орындалады. Есептің шығарылу жолы талқыланып, тақтаға жазылады.
V. Қорытындылау
Жеке жұмыс ретінде тест тапсырмалары орындалады (10 минут).
Тест тапсырмалары
-
Аспан денесін көрсет:
-
Қайсысы физикалық дене?
-
Қайсысы зат болып табылады?
-
Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап:
-
«Физика» атауы нені білдіреді?
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері:
-
Астрономияның негізгі құралын атаңыз:
-
Материя дегеніміз:
Бағалау тәсілі
Орындалған жұмыстар «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісімен бағаланады.