Мұғалім өлеңді жатқа оқуы
Сабақтың тақырыбы
Қыс. Абай Құнанбаев
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Көрнекіліктер
Абайдың портреті, слайдтар, карточкалар
Сабақтың мақсаты
- Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіну.
- а) Автор туралы түсінік қалыптастыру; өлеңді түсініп оқуға және мазмұнын айтуға үйрету.
- ә) Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өз бетімен оқуға машықтандыру.
- б) Табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру; әдемілік пен әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
БастауСәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың ынталандыру сөзі
«Бір-бірімізге сәттілік тілеп, қолымызды үш рет шапалақтайық!»
II. Жаңа сабақты меңгерту
Негізгі бөлімКіріспе сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс.
- Қыстың ерекшеліктерін ата.
- Жылдың тағы қандай мезгілдерін білеміз?
I слайд: Жыл мезгілдерінің суреттері
Тақырыпқа кіріспе ой
Қазақ ақын-жазушылары жылдың төрт мезгілін өз шығармаларында кеңінен сипаттаған. Солардың бірі — ұлы ақын Абай Құнанбаев. Абай жыл мезгілдерін суреттей отырып, өз дәуіріндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін де қоса жырлаған.
Мұғалім Абайдың «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» өлеңдерінен үзінділерді жатқа, мәнерлеп оқып береді.
II слайд: «Кемел ойдың кемеңгері» (Абайдың суреті)
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, соны да ойла...»
Абай тұлғасының қырлары
- әлем таныған тұлға
- ақын
- ғұлама ойшыл
- аудармашы
- композитор
«Қыс» өлеңімен таныстыру
-
1
Мұғалім өлеңді жатқа оқиды.
-
2
Сөздік жұмысы жүргізіледі:
- Оқшырайтып
- бір шекесіне сәндеп кию
- Шидем
- жұқа тоқылған сырт киім
- Ұшпа
- жеңіл, жұқа қар
-
3
Оқушылардың оқуы:
- іштей оқу
- тізбектей оқу
-
4
Жаңылтпашты жатқа айту:
Тайғанақтап, Қаңғалақтап, Бұлғалақтап, Сырғанақ теп.