Бүгінгі Қазақстанның жарқын болашағы жайлы әңгімелей отырып, оқушыларға Отан туралы жалпы мәлімет беру

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Бүгінгі Қазақстанның жарқын болашағы туралы әңгімелей отырып, оқушыларға Отан туралы жалпы мәлімет беру. Дыбыс түрлері, буындық және дыбыстық талдау, тасымал бойынша алған білімдерін одан әрі толықтыру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын, ойлау жылдамдығын, зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушылардың өз халқына, Отанына деген мақтаныш сезімін ояту. Отанын қорғауға дайын болуға үндеу, елін-жерін сүюге, қадірлеуге және жалпы елжандылыққа тәрбиелеу.

Технология, карта және көрнекіліктер

Технология түрі

Биоақпараттандыру және синергетика

Карта

Алгоритм

Көрнекіліктер

ОӘЖӘ сызбасы, ТКШ, АКШ, ЖКШ тапсырмалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

1) Психологиялық тренинг

Туған жердің қорғайтын әрбір талын,

Қуанышпен қарсы алған әрбір таңын.

Құрметтейтін тіпті оның көбелегін,

Біз боламыз, о, Отан, жас ұланың!

2) Проблемалық жағдаят құру

Онсыз адамдардың күні жоқ. Онсыз тіршіліктің мәні болмайды. Алыс кетсең, оны сағынасың — тіпті ол қол бұлғап шақырғандай болады. Ол жерден сен дүниеге келесің, өсесің, білім аласың. Кейін сол үшін қызмет етесің. Оны мәңгілік сүю және қорғау — әрбір азаматтың парызы.

Сұрақтар:

  • Балалар, мен не туралы айтып тұрмын?
  • Отан дегенде көз алдарыңа не елестейді?
  • Біз қандай елміз? (Егеменді)
  • Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
  • Егемендігімізді айқындайтын нелер? (Елтаңба, Әнұран, Ту)

Бұл — қазақ халқы үшін, Қазақстанды «Отаным», «елім», «жұртым» деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар — ол Тәуелсіз Қазақстан.

Тәуелсіз елдің тілегі — бейбітшілік пен тыныштық, ал келешегі — білімді ұрпақ. Бүгінгі оқушы — ертеңгі Қазақстанның болашағы. Қазақстанның болашағы жарқын болсын десек, бүгінгі сабақта берілетін тапсырмаларды 63%-дан жоғары көрсеткішпен орындауға ұмтыламыз. Бұл — еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға дайын екеніміздің белгісі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

3) Арнайы сөздік қор (5 минут)

Өткен ережелерді жатқа жазу. Норма: 44 сөз.

III. Жаңа сабақ

4) ОӘЖӘ сызбасы арқылы түсіндіру

Жаңа тақырып ОӘЖӘ сызбасы арқылы түсіндіріледі. Түсіндіру уақыты анықталып, тақтаға жазылады. Оқушылар дәптердің оң жағына «Байқау» деп жазады.

Ынтымақтастық белгісі:

Барлығы мұғаліммен бірдей 1 рет шапалақ соғады. Дыбыс бірдей шықпаса, қайта қайталанады.

1-тапсырма (үлгі бойынша)

Үлгі 1

Асты сызылған сөзге буындық талдау жаса:

Ел құ-ла-ғы елу.

Үлгі 2

Буындық және дыбыстық талдау жаса:

Бей-біт елде сән болар.

  • б — ұяң, дауыссыз
  • е — жіңішке, дауысты
  • й — үнді, дауыссыз
  • і — жіңішке, дауысты
  • т — қатаң, дауыссыз

Үлгі 3

Буындық, дыбыстық талдау жасап, тасымалда:

Ағасыз ел жағасыз.

Тасымал түрлері:

  • жа-ғасыз
  • жаға-сыз

Орындау уақыты: 5 оқушыдан болған соң 30 секунд беріледі, содан кейін тапсырма тексеріледі.

ТКШ

Отан — оттан да ыстық.

Асты сызылған сөзге буындық талдау.

АКШ

Туған жер — алтын бесік.

Буындық және дыбыстық талдау.

ЖКШ

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Буындық, дыбыстық талдау және тасымал.

Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады. Оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді. Мұғалім орындалу сапасының пайызын шығарып, 63% көрсеткішімен салыстырып, тақтаға белгілейді.

6) Бекіту

Түсіндіру уақыты тақтаға жазылады. Бекіту уақыты — 1-түсіндіру уақытының жартысына тең. Мұғалім тек қате кеткен тұстарға тоқталады. Оқушылар дәптердің оң жағына «Бекіту» деп жазады.

2 рет шапалақ соғылады.

2-тапсырма (үлгі бойынша)

Орындау уақыты: 5 оқушыдан болған соң 30 секунд беріледі, содан кейін тапсырма тексеріледі.

ТКШ

Туған жерге туыңды тік.

Буындық талдау.

АКШ

Туған жердің жусаны да жұпар.

Буындық және дыбыстық талдау.

ЖКШ

Отан отбасынан басталады.

Буындық, дыбыстық талдау және тасымал.

Жауаптар ретімен жазылады, оқушылар жұппен тексереді. Мұғалім пайыздық көрсеткішті шығарып, 63% көрсеткішімен салыстырып, тақтаға жазады.

7) Сергіту сәті

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз дем алып алайық.

8) Есте сақтау

Түсіндіру уақыты тақтаға жазылады. Есте сақтау уақыты — 2-түсіндіру уақытының жартысына тең. Мұғалім қате кеткен тұстарды ғана нақтылайды. Оқушылар дәптердің оң жағына «Есте сақтау» деп жазады.

3 рет шапалақ соғылады.

3-тапсырма (үлгі бойынша)

Орындау уақыты: 5 оқушыдан болған соң 30 секунд беріледі, содан кейін тапсырма тексеріледі.

ТКШ

Біздің еліміз өте бай мемлекет.

Буындық талдау.

АКШ

Елдің келешегі — білімді ұрпақ.

Буындық және дыбыстық талдау.

ЖКШ

Елімізде бірлік, татулық болсын!

Буындық, дыбыстық талдау және тасымал.

Оқушылар жауаптарды жұппен тексереді. Мұғалім орындалу сапасының пайызын шығарып, 63% көрсеткішімен салыстырып, тақтаға жазады.

Қорытынды

Тест (жауап кілті)

I нұсқа

1 — ә, 2 — б, 3 — а, 4 — б, 5 — ә, 6 — а, 7 — б, 8 — а, 9 — ә, 10 — ә.

II нұсқа

1 — б, 2 — а, 3 — ә, 4 — ә, 5 — б, 6 — ә, 7 — а, 8 — а, 9 — ә, 10 — а.

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
  • Қос сөз дегеніміз не?
  • Қос сөздер қалай жасалады?
  • Еліміздің болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Бағалау нормасы

Дұрыс орындалған тапсырма саны Баға
8–9 тапсырма 5
6–7 тапсырма 4
3–5 тапсырма 3