Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау
Сабақтың тақырыбы
Практикалық жұмыс: денені қыздыруға қажетті немесе суыту кезінде бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өтілген тақырып бойынша білімді бекіту және сапалық, сандық есептер шығаруға үйрету.
Дамытушылық
Тақырыпты талдап, салыстыра отырып есеп шығару дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру, ұжымшылдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі мен әдістері
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, есептер шығару.
Көрнекілігі
Интерактивті тақтадағы слайдтар, карточкалар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныпты жаңа сабаққа даярлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)
- Ішкі энергияны механикалық жұмыс арқылы өзгертудің өлшемі қалай аталады?
- Жылу берілу кезінде ішкі энергия өзгерісінің өлшемі қалай аталады?
- Массасы 1 кг заттың температурасын 10 °C-қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?
- 1 г суды 1 °C-қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшері қалай аталады?
- Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ: есептер шығару
Эстафеталық білім картасы арқылы негізгі шамаларды еске түсіру және есептер шығару.
| Аталуы | Белгіленуі | Өлшем бірлігі |
|---|---|---|
| Жылу мөлшері | Q | Дж (J) |
| Дененің массасы | m | кг (kg) |
| Дененің көлемі | V | м³ (m³) |
| Заттың тығыздығы | ρ | кг/м³ (kg/m³) |
| Абсолют температура | T | К (K) |
| Меншікті жылу сыйымдылығы | c | Дж/(кг·°C) немесе Дж/(кг·К) |
Есеп №1
Жауабы: Q = 220 кДж
Массасы 10 кг кірпіш 10 °C-тан 35 °C-қа дейін қыздырылды. Осы үшін қандай жылу мөлшері қажет?
Есеп №2
Жауабы: Q = 162 МДж
5 т шойынды 10 °C-тан 70 °C-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу қажет?
Есеп №3
Жауабы: m = 0,5 кг
Оқушы суды 15 °C-тан қайнағанға дейін (100 °C) қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,5 кДж-ға артқанын байқады. Қыздырылған судың массасын табыңдар.
Есеп №4
Жауабы: Δt = 200 °C
Массасы 20 г алюминий кесегі суыған кезде оның ішкі энергиясы 1 кДж-ға азайды. Осы мәліметтер бойынша алюминийдің температурасы қанша градусқа өзгергенін табыңдар.