Шешеміз бәрін

Сабақ: Музыка (2-сынып)

Тақырып: Музыканың дамуы Сабақ типі: аралас Сабақ түрі: дәстүрлі

Бұл сабақта оқушылар музыканың темп арқылы дамуын түсініп, Э. Григ шығармалары арқылы музыкалық дамудың түрлерін ажырата білуге үйренеді. Сабақ құрылымы ойын элементтерімен, сұрақ-жауаппен және музыка тыңдаумен толықтырылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Музыканың темптік даму түрімен таныстыру.
  • Э. Григ шығармаларын тыңдату арқылы музыканың даму түрлерін ажыратуға үйрету.

Дамытушылық

  • Темп белгілерін қимыл арқылы көрсету.
  • Есту қабілетін дамыту және өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
  • Әртістік, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Эстетикалық талғамды қалыптастыру.
  • Музыканы сүюге және адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдістер мен құралдар

Оқыту әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ой толғау
  • Ақпараттық құралдар
  • Ойын элементтері
  • Музыка тыңдау

Көрнекілігі

  • Магнитофон
  • Баян
  • Мультимедиа
  • Презентация

I. Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Музыкалық сәлемдесу

  • Төменнен жоғары қарай әуенмен: «Сәлеметсіңдер ме, балалар?»
  • Сұрақ: «Бүгінгі көңіл күйіміз қандай?»

Психологиялық дайындық

«Біз қандаймыз» әнін орындау.

Шағын ұран (хормен)

Сұрақтар қиын демейміз,

Бәріне жауап береміз.

Сұрақтарды қандай қойса да мұғалім,

Саралап, сыни ойлап,

Шешеміз бәрін.

Қорытындысы: Біз бәрін білеміз. Дайынбыз, міне біз!