Болаттан құрсау киініп, Шықты жалаңаяқтар
Мұқағали Мақатаев
Екі дүние ерегісіп жатқанда
Сұңқар құлап жартасқа,
Дауыл тұрған шақтарда,
Күшігендер ақпанда,
Сай, жыраны паналап,
Жемтік іздеп баққанда,
Жұмыр жерді аралап,
Кетті бір үн ғаламат.
Ұшты ақнық Дауылпаз
Қанатына жүк артқан.
Қалды тобыр мұнартқан,
Сұлулардың иісіне құмартқан
Қалды небір кеселдер:
Қорқақ. күншіл, мешелдер,
Бола алмаған көсемдер,
Көбік езу шешендер.
Соқты дауыл үйіріп,
Ұшты жасын, жай - оттар.
Болаттан құрсау киініп,
Шықты жалаңаяқтар.
Дауыл бұлтты тіледі...
Үндеген сонда кім еді?
Ол - Данконың жүрегі,
Ол - Еділдің ұлы еді.
Революция байрағын
Қанатына қыстырған
Дауыл бұлтты серпеді!
Жаратылған ұшқыннан
Ол - алапат өрт еді.
Құдіретіне Адамның
Дауылпаз басын иеді.
Горький - ұлы заманның
Ұрпаққа тартқан сыйы еді.
Горький - ойлар тартысы,
Ақиқат пен ардың ұлы.
Горький - революция жаршысы,
Революция жаңғырығы!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Газды қаладағы газ тарату механизімі
СЫНЫҚТАР
ХVІ ғасырдағы және ХVІІ ғасырдыың басындағы Франция
Француз буржуазиялық революциясы
Стартердің құрылысы мен істеу принципі
Никель штейндерін конвертерлеуге арналған пеш
Ұңғыманы фонтанды əдіспен пайдалану
Тозған бөлшекерді қалпына келтірудің тиімді әдісін тандау туралы
Қазіргі кезеңдегі құрылымдық жадиғаттар
Қысымы 50 мпа, сыртқы диаметрі 118-140 мм тізбектерді тығындауға арналған механикалық пакерді жобалау
Қашықтықтан оқыту
Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары!!
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ БОДО - БІРЖАСУШАЛЫ, ТАЛШЫҚТЫ ЖӘНДІК
Кіндігін тауып Ұлы Даланың, Алдымнан шықты күліп арманым
Содан мына жүз қойды әрең айдап шықтым
Сананың ашықтығы
Ескі пароход Вознесеньедегі айлақтан ырғалып әрең шықты да Онега көліне келіп түсті
Аяғымды шайқала басып, сол заматында ауызғы бөлмеге шықтым
Сабаққа шықтым