Шылаулы тіркестен болған күрделі сөзді көрсет

Сөйлем мүшелері

Бұл сабақта оқушылар сөйлем мүшелері туралы жүйелі мәлімет алып, сөйлем мүшелерін құрамына қарай және атқаратын қызметіне қарай ажыратып үйренеді.

Сабақтың мақсат-міндеттері

  • Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы мәлімет беру.
  • Сөйлем мүшелерін құрамына қарай және қызметіне қарай таныстыру.

Дамытушылық

Тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отанды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, бағалау, қорытындылау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы тізбек бойынша сұралады. Қайталау тақырыбы: сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай түрлері.

Айтылу мақсатына қарай

  • Хабарлы сөйлем
  • Сұраулы сөйлем
  • Лепті сөйлем
  • Бұйрықты сөйлем

Құрылысына қарай

  • Жай сөйлем
  • Құрмалас сөйлем

Танымдық қабілетті арттыруға арналған тапсырмалар

Жаңа сабақты пысықтау үшін берілген сызбалар бойынша сөйлем құраңыз.

Сызба 1

1

_______ __ __ __ __.

Сызба 2

2

_______ __. __. __. __.

Сызба 3

3

_______ __. __. __. __ __. __. __ ________

Сызба 4

4

__.__. __ __. __. __ ______ ______

Сызба 5

5

__.__.__ _______ _______

№2 тапсырма

Оқулықты пайдаланып, жаттығу жұмыстарын орындаңыз.

35-жаттығу

Әр топ берілген мәтіннен бір сөйлемге синтаксистік талдау жасап, қалың қаріппен берілген сөздерді құрамына қарай ажыратады.

1-топ

1927 жылы жаздыгүні Сәкен Сейфуллин Қызылордадан Көкшетау еліне жер бөліс науқанын өткізуге барды.

2-топ

Бурабай тауын айнала отырған елде бұл науқанды жүргізіп жатқан Сәкенді сол жылы 71 жас…

Ескерту: Мәтін үзіндісі толық емес; бастапқы дереккөз бойынша сөйлемді толықтыру ұсынылады.

V. Жаңа білімді бекіту

1) Сөйлем мүшесіне тән белгіні көрсетіңіз.

  • A)Ешбір мағынасы болмайды.
  • B)Сөзге қосымша мән үстейді.
  • C)Толық мағыналы бір сөзден болады.

2) Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын көрсетіңіз.

  • A)Сын есім
  • B)Есімдік
  • C)Одағай

3) Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Жауап: ____________________

4) Шылаулы тіркестен болған күрделі сөзді көрсетіңіз.

Жауап: ____________________

5) Дара бастауышты көрсетіңіз.

  • A)Кітап
  • B)Мектеп оқушысы
  • C)Билеті барлар
  • A)Бидай өңді
  • B)Үйден соң
  • C)Менің кітабым

6) Үйірлі мүшені көрсетіңіз.

  • A)Асқақ арман
  • B)Көргісі келді
  • C)Жаны сұлу жан

Үйірлі мүшенің белгілері

  • Екі сөзден (немесе одан да көп) тұрады.
  • Бастауыштық-баяндауыштық қатынас болады.
  • Бір сұраққа жауап береді.

Сөйлем мүшесін анықтаңыз:

«Менің айтар сөзім — осы».
  • A)Бастауыш
  • B)Анықтауыш
  • C)Пысықтауыш

VI. Үй тапсырмасы және қорытынды

Үй тапсырмасы

37-жаттығу.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш ауылы, Жамал Ермегияев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Нұрсадықова Гүлан Нұрлыбайқызы.