Алмабектің ағаш отырғызуы
Сабақ туралы
Тақырыбы
Бердібек Соқпақбаев: «Ағаштар неге ашуланды?» (презентациямен)
Түрі
Саяхат-сабақ
Әдісі
Сұрақ–жауап
Мақсаты
- Білімділік: Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларын тереңірек танып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
- Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу; ағашты күтіп-баптауға үйрету.
Көрнекілігі
- Жазушының суреті
- Астана қаласының көрікті жерлері туралы суреттер
- Қосымша иллюстрациялар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Сабаққа кіріспе өлең
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Бүгін біз саяхат-сабаққа шығамыз. Бас қаламыз — Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Ол үшін барлық тапсырмаларды тиянақты орындауымыз керек.
Саяхатқа пойызбен аттанамыз. Үй тапсырмасына жақсы жауап берсек, «Хан Шатырымен» танысамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 1) Әңгіменің мазмұнын айту.
-
2) Сұрақтарға жауап беру:
- Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?
- Балалар қайда барды?
- Боданның компасқа қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
- Бодан компасты не істеді?
-
3) Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, пікір жазып келу:
«Егер мен Боданның орнында болсам, ...»
Саяхат нүктесі: Хан Шатыр
«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы — әйгілі сәулетші Норман Фостер жобалаған ерекше нысан. Мұнда ірі сауда аймақтары, кинотеатр, концерт залдары, сондай-ақ әр қабатта дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Ішкі кеңістігінде тропикалық бақтар, гүлзарлар мен субұрқақтар бар.
Жаңа тақырып және тапсырмалар
III. Жаңа сабақ
1) Жазушы туралы
- Бердібек Соқпақбаев 1924 жылдың 13 қазанында дүниеге келген.
- Абай атындағы педагогикалық институтта білім алған.
- Мұғалім болған, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы.
- Белгілі шығармалары: «Менің атым — Қожа», «Жекпе-жек».
2) Сабақтың өзегі
Бүгінгі мәтін: Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Алдын ала ой қозғау
- «Ағаш» дегенде ойға не келеді? Топтастыру.
- Ағаштар ашулана ма? Өз пікіріңді айту.
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Мазмұнын талқылау.
Мәтін желісі (негізгі бөлімдер)
- 1. Алмабектің ағаш отырғызуы.
- 2. Ағаштардың мұңға батуы.
- 3. Ормандағы оқиға.
- 4. Ағаштардың бой түзеуі.
Саяхат нүктесі: «Думан» Мұхитаралы
- «Думан» океанариумы Мұхитарал деп те аталады.
- Мұхиттардан 3000 км-ден астам қашықтықта орналасқан бірегей нысан.
- Су қоры — 3 миллион литр; дайындауға 120 тонна теңіз тұзы қолданылған.
- 100-ден астам түрден тұратын 2000-нан артық теңіз жәндігі тіршілік етеді.
4) Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Тізбектей оқыту.
- Мәтіннен кәрі еменнің сөзін тауып оқу.
5) Дәптермен жұмыс
Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін жазып шығу: «Алмабектің айыбы».
Саяхат нүктесі: Нұр-Астана мешіті
- Үлкен залында 5 мың адамға дейін қатар дұға жасауға болады.
- Көлемі — 4000 м².
- 2005 жылы ашылған.
6) Семантикалық кесте: ағаштар сыры
Әр ағаштың ерекшелігін кесте арқылы ажыратыңдар.
| Ағаш атауы | Сипаттамасы |
|---|---|
| Қайың | Гүл шоғы сырға тәрізді. Қабығы ақ, көрікті ағаш. Діңі құрылысқа және жиһаз жасауға пайдаланылады. |
| Емен | 1000 жылдан астам өмір сүре алады. Ағашы өте мықты, үйлер мен кемелер салуға пайдаланылған. |
| Бәйтерек | Әдейі адам қолымен отырғызғандай түп-түзу болып, биікке бойлап өседі. |
| Терек | Жарықты жақсы көреді, тез өседі. Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір жазда жапырағы арқылы 2000 литрге жуық суды буландырады. |
7) Мақалды толықтыру
1) Ер еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады.
2) Еріншектің ертеңі бітпейді.
Саяхат нүктесі: Ақорда
- Ғимараттың жалпы көлемі — 36 720 м².
- Ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті.
- Қабаттарында салтанатты хол, қызметтік бөлмелер, Шығыс залы, «Алтын зал», мәжіліс залдары, кітапхана және Саммиттің Үлкен залы орналасқан.
Саяхат нүктесі: Астана-Бәйтерек
«Астана-Бәйтерек» монументі — елорданың символы. Көрініс кешенінің биіктігі 97 метр. Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға көшірілуін білдіреді.
IV. Қорытынды (сұрақ-жауап)
- Алмабектің жіберген кемшілігі неде?
- Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
- Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?
- Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
Сабақты қорытындылағаннан кейін саяхат бағыты бойынша Б. Аманшин атындағы орта мектепке қайта ораламыз.
V. Үйге тапсырма
- Мәтін мазмұнын айту.
- Жазушы шығармаларын талдап, салыстырып келу.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, мәтінді түсінуі, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.