Билингвалды компонент

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы

Мекеме: «Балапан» балабақшасы

Тәрбиеші: Қуандыкова Ақмарал Қайратовна

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әдептілік — әдемілік белгісі»

Мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Балалардың әдептілік туралы білімін кеңейту, сәлемдесу, құрмет көрсету, қоштасу сияқты әдеттерді түсіндіру.

Дамытушылық

Көріністер арқылы адам бойындағы ұнамды және ұнамсыз қылықтарды ажыратуға үйрету. Көрнекі суреттер арқылы зейінін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын және танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік және әдіс-тәсілдер

Көрнекілік

  • Тақырыпқа сай суреттер

Әдіс-тәсіл

  • Көрсету
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Билингвалды компонент

Адал — честный

Ақылды — умный

Әдепті — воспитанный

Кейіпкер: Әже

Мотивациялық қозғаушылық: «Шаттық шеңбер»

Үлкенге де — сіз!
Кішіге де — сіз!
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Әдепті бала әрқашан сәлемдеседі: үлкендермен амандасады, ал кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы — «Әдептілік — әдемілік белгісі». Осы әдептілік ережелерін сақтауға үйренеміз.

Әдепті бала дегеніміз кім?

Ой қозғау сұрақтары

  • Әдепті бала дегеніміз не?
  • Әдептілікке қандай әрекеттер жатады?

Суретпен жұмыс: автобус ішіндегі жағдай

Балаларға сурет ұсынылады: бір бала автобустың алдыңғы орындығында отыр. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әрең көтеріп, әжей кірді. Бала әжейді байқамағандай отыра береді.

Сұрақ 1

Бұл баланың әрекеті дұрыс па?

Сұрақ 2

Сендер бұл жағдайда не істер едіңдер?

Сұрақ 3

Бұл әрекет әдептілікке жата ма?

Осы тапсырма арқылы балалар әр суреттің мазмұнын талдап, жақсы мен жаманды ажыратады. Демек, адам бойында әртүрлі қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-анамыз бен ұстаздарымыз үйретеді.

Көрініс: телефонға алаңдау

Осы кезде топқа құлаққап тағып, өлең тыңдап келе жатқан, көзі ұялы телефонда кішкентай қыз кіріп, тәрбиешіге соғылып қалады.

Тәрбиешінің сұрақтары

  • Балақай, сен кімсің?
  • Сен ән тыңдап тұрсың ба?
  • Неге алдыңа қарамай жүрсің?
  • Үйде немесе көшеде осылай жүруге бола ма?
  • Бұл әрекет дұрыс па?

Айлиннің жауабы

«Менің атым Айлин. Анам маған үй шаруасына көмектес деп еді. Бірақ мен көмектескім келмейді, мен ұялы телефонмен ойнағым келеді».

Талқылау

Балаларға сұрақ қойылады: Айлиннің бұл әрекеті дұрыс па? Анасына көмектеспей, кетіп қалуға бола ма?