Өзара жай сандар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі (5-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ). Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ).

Оқу мақсаттары

  • 5.1.1.7 Ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарының анықтамаларын білу.
  • 5.1.1.8 Өзара жай сандардың анықтамасын білу.
  • 5.1.2.12 Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу.
  • 5.5.1.2 Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті қолдану.

Сабақтың мақсаты

  1. ЕҮОБ, ЕКОЕ және өзара жай сандардың анықтамаларын біледі.
  2. Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табады.
  3. Мәтінді есептерде ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті табу ережелерін қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Екі және одан да көп сандардың ЕҮОБ-ін табады.
  • Екі және одан да көп сандардың ЕКОЕ-ін табады.
  • Өзара жай сандарды ажыратады.
  • Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті табу ережелерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ортақ бөлгіш ортақ еселік өзара жай сан ЕҮОБ ЕКОЕ

Диалог пен жазылымға қажетті тіркестер

  • Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп ………………………… атаймыз.
  • …………………… ең кіші ортақ еселік деп аталады.
  • …………………… өзара жай сандар деп аталады.
  • Кез келген a және b натурал сандары үшін олардың ……………… мен ……………… көбейтіндісі сол сандардың ……………… тең.

I. Қызығушылықты ояту

Сабақтың басында оқушыларды белсенді қатысуға жұмылдыру кезеңі.

1) Психологиялық тренинг: «Көңілді күн»

Оқушылар бір-біріне бір сөзден тұратын жақсы тілек айтады. Келесі оқушы алдыңғы айтылған тілектің соңғы әрпінен бастап, тілекті жалғастырады.

Мақсаты: сынып ішіндегі сенім мен ынтымақтастықты арттыру.

Белсенді оқыту: топқа бөлу

Оқушыларға өткен тақырып бойынша бірнеше сандар жазылған кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар сандарды олардың бөлінгіштігіне қарай топтарға бөлінеді (мысалы: 4, 8, 14, 16, 9, 21, 30, …).

1-топ

2-ге еселік сандар

2-топ

3-ке еселік сандар

3-топ

5-ке еселік сандар

4-топ

2-ге де, 3-ке де, 5-ке де еселік сандар

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар үй тапсырмасының жауаптарын жеке-жеке айтады. Жауап дұрыс болған жағдайда, сынып оқушылары қол шапалақтау арқылы бағалайды.

II. Миға шабуыл

Тапсырмалар арқылы түсіну деңгейін анықтау және кері байланыс алу.

1) «Әркімнің өзі шығар биігі бар»

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалайды.

Нәтиже: оқушылардың қажеттіліктері анықталып, келесі қадамдар нақты жоспарланады.

Кері байланыс: «Т-кестесі» стратегиясы

Оқушылар кестеге екі баған бойынша жазады: «Түсінгенім» және «Түсінгім келеді».

Түсінгенім

Бүгінгі тақырыптан меңгерген негізгі ойлар.

Түсінгім келеді

Қиындық тудырған немесе тереңдетуді қажет ететін тұстар.

Мектеп

Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі

Мұғалім

Биғалиева Айгерім Сайлыбекқызы