Алтын қақпаны ашу
Сабақтың мақсаты мен форматы
Бұл ойын-сабақтың мақсаты — оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Түрі
Ойын сабағы
Қатысушылар сұрақтарға жауап беру арқылы кезең-кезеңімен қақпаларды ашады.
Көрнекілігі
- Қақпалар
- Нақыл сөздер
- Шарлар
- Кестелер
Сабақ барысы
- 1 Ұйымдастыру
-
2
Ойын кезеңдері:
А) Тас қақпаны ашу
Б) Күміс қақпаны ашу
В) Алтын қақпаны ашу - 3 Жеңімпазды анықтау
- 4 Қорытындылау
Жүргізуші сөзі және ойын сценарийі
Жүргізуші
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар және «Алтын қақпа» ойынына қатысушы ойыншылар!
Кіріспе шумақ
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық!
Ақын жырлағандай, бүгін 10-сынып оқушылары арасынан жүйрікті алға шығарайық. Бұл ойынды бәріміз білеміз. Ойынды бастау үшін сұрақ қоямын: жауабын кім бірінші айтса, сол оқушы ойынды бастайды.
Бастау сұрағы
Сұрақ
Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км жүрді. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты?
Жауап
15 км/сағ
Алғашқы ойыншы ортаға шығады және қысқаша өзін таныстырады.
1-кезең: Тас қақпа
Тас қақпаны ашу үшін ойыншы алдыңыздағы үш сұрақтың бірін таңдайды (нөмірі айтылады). Сұрақ мұқият тыңдалып, нақты жауап берілуі керек.
Сұрақ қоюшы
Екі санның қосындысы 8, айырмасы 2, көбейтіндісі 15. Осы сандарды табыңыз.
Дұрыс жауап
(5; 3)
Жауап дұрыс болса, Тас қақпа ашылады.
2-кезең: Күміс қақпа
Сұрақ қоюшы
Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көре аламыз ба?
Дұрыс жауап
Жоқ. 72 сағат — 3 тәулік, демек сол мезет те түн болады.
Жауап дұрыс болса, Күміс қақпа ашылады.
Күміс қақпа ашылғаннан кейін ойыншының келісімімен келесі кезеңге өтеді.
3-кезең: Алтын қақпа
Ойыншы әдеттегідей сұрақ таңдайды.
Сұрақ қоюшы
«Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізуші ағартушы ғалым кім?
Дұрыс жауап
«Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы ғалым — Ы. Алтынсарин.
Жауап дұрыс болса, Алтын қақпа ашылады.
Алтын сандық (қосымша кезең)
Алтын қақпа ашылғаннан кейін ойыншының келісімімен ішіндегі Алтын сандықты ашу кезеңі жалғасады.
Сұрақ қоюшы
Үш жарым таяқтың неше ұшы бар?
Дұрыс жауап
3,5 таяқта 8 ұш болады.
Алтын сандық ашылғаннан кейін жеңімпаз анықталады.
Жеңімпазды анықтау және қорытынды
Жеңімпаз
Бүгінгі «Алтын қақпа» ойынының жеңімпазы — 10-сынып оқушысы _________________________. Құттықтаймыз!
Қорытынды бөлім
Ойын соңында 10-сынып оқушысы _________________________ ән шырқайды.
Ескерту
Бұл ойынға бірнеше оқушы қатыса алады. Қатысушылар санына қарай сұрақтар санын көбейтуге болады.