Қыс мезгілінің суретін қарастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Тәрбиеші
- Жанар Ашаевна
- Білім беру саласы
- Таным
- Тақырыбы
- «Қыс келді» (кешенді сабақ)
Мақсаты
- Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру, жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру.
- Қыс мезгіліне қызығушылығын арттыру және табиғат құбылыстарын бақылауға үйрету.
- Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын молайту, жұмбақ, өлең, тақпақ арқылы тілін дамыту.
- Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу
- Қыс туралы өлең оқу
- Жұмбақ жасыру
- Сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс
Көрнекіліктер мен құралдар
Көрнекіліктер
- Жыл мезгілдерінің суреттері
Қажетті құралдар
- Қыс мезгілінің суреті
- Шыны ыдыс
- Қар
- Желім, сүрткіш
- Мақта
Сабақтың барысы
Психожаттығу: амандасу
Қайырлы таң, аспан!
Қайырлы таң, күн!
Қайырлы таң, жер!
Қайырлы таң, балалар!
Енді бір-бірімізге қарап, жылы жүзбен жымиып, жақсы көңіл күй сыйлаймыз.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Көктем
Қар еріп, су көбейіп, сай-салаға ағады. Бүршік жарып, жапырақ ашып, гүл мен бәйшешек басады.
Жаз
Өрік, алма, жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Күз
Бұлт төніп, жаңбыр төгіп, дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, дала сұрланады.
Қыс
Аяз қысып, өрнек сызып, терезені торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып, балалар сырғанап ойнайды.
Таңғажайып сәт
Топқа пошташы хат алып келеді. Хаттың ішінде қыс мезгілінің суреті бар.
Өлең оқу: «Қыс» (Абай Құнанбаев)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Суретпен жұмыс: «Қыс келді»
Айнала аппақ қарға оранған. Күн суық, аяз.
Ағаш бұтақтарын қырау басқан.
Қыста күн қысқарып, түн ұзарады.
Үйдің мұржасынан түтін шығып жатыр.
Балалар шана, шаңғы, коньки тебуді жақсы көреді. Кейбірі жотадан төмен шанамен сырғанап келеді.
Балалар қардан аққала жасап, өз еңбектеріне қуанады.
Қыстап қалған құстар бұтақтарға қонып отыр.
Тәжірибе: қарды бақылау
1-қадам
Балалар қарды ұстап көреді: қардың түсі ақ, өзі суық.
2-қадам
Қарды шыны ыдысқа салып қоямыз. Сабақ соңында нәтижесін бірге қараймыз.
Бақылау нәтижесі: қар еріп, суға айналды. Қар жылы жерде тез ериді.
Сергіту сәті: сұрақ-жауап
Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап
Қыс мезгілі.
Сұрақ
Қыстың қандай ерекше белгілерін білесіңдер?
Жауап
Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады, күн суық болады.
Сұрақ
Қыста балалар немен сырғанайды?
Жауап
Шана, шаңғы, коньки тебеді.
Сұрақ
Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
Жұмбақтар
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы
Қар
Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.
Жауабы
Аяз
Шығармашылық жұмыс: «Қар жауып тұр» жапсыру
Балаларға дайын көгілдір қағаз ұсынылады. «Қар жауып тұр» тақырыбында мақта арқылы жапсыру жұмысын орындайды.
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі. Балалар тапсырманы әуенмен сүйемелдеп орындайды.
Дайын жұмыстар тақтаға ілінеді.
Қорытынды
Сабаққа барлығың белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар! Балалар мадақталып, көтермеленеді.