Қонақ әже

Мерекелік ертеңгілік: «Төрлет, төрлет Наурыз!»

Ұлыстың Ұлы күні — 22 наурыз мерекесіне арналған ересек топтарға арналған ертеңгілік жоспары. Бұл шарада балалар Наурыздың мағынасы мен ұлттық құндылықтарды сахналық көріністер, ән-күй, ойындар арқылы танып-біледі.

Мақсаты

  • Наурыз мерекесін қуанышпен қарсы алып, ұлттық мерекені атап өтудің мәнін түсіндіру.
  • Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.
  • Ата-бабадан қалған асыл мұраны қадірлеуге, қастерлеуге және қасиетін ұғынуға баулу.
  • Балалардың ұлттық құндылықтарды танып-білуіне, сыйлап, түсінуіне үйрету.
  • Ой-қиялды, шығармашылық белсенділікті және бейнелі ойлауды дамытуға ықпал ету.

Өткізу барысы

Кіріспе

«Наурыз думан» әні орындалады. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Батыр: қолында қамшысы бар, атқа мініп шығып: «Наурыз құтты болсын! Алақай!»

Жүргізушінің құттықтауы

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар! Баршаңызды қазақ халқының ұлттық мерекесі — жер-дүниені жаңартып, табиғат ананы қайта түлететін Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда солай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Осы Наурыз мерекесіне арналған көңілді әнімізді шырқайық.

Ән: «Наурыз»

Қонақтарды қарсы алу

Жүргізуші: Ой, қонақтар да жақындап қалған сияқты. Жасұлан ауылынан қонақтар келе жатыр. Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

Бүгін біздің Ертөстік ауылында үлкен той — Наурыз мерекесі! Бізбен бірге тойлаңыздар!

Қонақ әже: «Наурыз келсе — құт келгені, халайық! Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық!»

(Әже отырған қонақтарға шашу шашады.)

Наурыз туралы қысқаша түсіндірме

Наурыз — «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл — ата-бабамыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы.

Бұл күні күн мен түн теңеліп, қыс пен жаз алмасады. Жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік қайта түлейді — сондықтан Наурызды Табиғат мерекесі деп те атайды.

Сонымен бірге Наурыз — ренішті кешіріп, көңілді серпілтетін, ән-күй, би, тақпақ, ойын-сауық арқылы жұртты бірлікке шақыратын Көңіл мерекесі.

Ендеше балаларымыздың Наурызға арнаған құттықтауларын қабыл алыңыздар!

Балалардың өнері мен ойындар

Тақпақтар

Орындайтын балалар: Ерасыл, Батыр, Алдияр, Балауса, Арсен, Серікболсын.

Көрініс: «Алдар көсе»

Әсем әуенмен Алдар көсе сахнаға шығады.

Ойын: «Асық ату»

Ұлттық ойын арқылы ептілік пен шапшаңдықты дамыту.

Ақындар айтысы

Қонақ әженің сөзімен балалардың айтыс өнері көрсетіледі.

Қонақ әженің лебізі

Қонақ әже: Біздің балаларымыз шетінен өнерлі. Келесі кезек — осы қасиетті мерекеге арналған балалардың құттықтаулары мен өнеріне беріледі.

Сахналық қойылым: «Алтын сақа»

Рөлдер: Шал — Батыр, Мыстан — Сезім, Бала — Әнуар.

(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді.)

Шал: «Шек, шек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. “Қой бақтым — қоңырау тақтым, ешкі бақтым — еңіреп бақтым” деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы…»

(Шал малдас құрып отыра кетеді. Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп, шалды қылғындыра бастайды.)

Мыстан: «Уһ, бәлем, қолыма түстің бе?!»

Шал: «Ойбай, ойбай, жіберші! Қылғынып барамын!»

Мыстан: «Сен маған не бересің?»

Шал: «Мына малдың бәрін беремін!»

Мыстан: «Жоқ, маған мал керек емес. Балаңды бер, әйтпесе жібермеймін!»

Шал: «Жарайды… Жалғыз ұлым бар еді — Әнуар. Соны ал.»

Мыстан: «Онда келістік. Енді оны маған қалай бересің?»