Досыңды қорлама

Кіріспе

Бұл зерттеу жұмысы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп оқушысы Сакен Меруерттің орындауымен жазылды. Ғылыми жетекші: Муқатаева Жазира, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі.

Тақырып

Достық — адамның айнымас серігі

Зерттеу объектісі

Достық ұғымын түсіну

Зерттеу пәні

Адамдар арасындағы, адам мен жануар, өсімдік пен адам арасындағы достық

Зерттеудің өзектілігі

Адам өмірінде қарым-қатынас ерекше орын алады: бір-бірімен араласу мінезге, көзқарасқа, тіпті болашаққа да әсер етеді. Осы тұрғыдан адамгершілік, адамшылық және достық әрдайым жоғары бағаланады.

Достыққа бір ғана нақты баға беру қиын: адам қанша болса, пікір де сонша. Сондықтан әркім достықты өз түсінігіне сай қабылдайды. Менің сыныбым өте тату. Бірде анам: «Сыныптастарыңның арасында досың бар ма?» — деп сұрағанда, «Көп құрбым бар» деп жауап бердім. Бірақ «Ең жақын досың кім?» деген сұрақ мені ойландырды: көп таныс болуы мүмкін, ал шынайы жақын дос көбіне бірнешеу-ақ болады.

Достық балалық шақтан басталып, өмір бойы жалғасады. Оны сатып ала алмайсың, қолмен ұстап та, көзбен көріп те болмайды. Кей адамның жолдасы көп болғанымен, нағыз досы аз; ал біреулерде мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан әр адам өз ортасында өзін дұрыс ұстай білуі маңызды.

Негізгі ой

Достық көбіне ортақ қызығушылықтан басталып, бір-біріне көмектесу, қуаныш пен қайғыны бөлісу арқылы бекиді. Әсіресе бастауыш сынып жасында бұл тақырып өте өзекті, өйткені дәл осы кезеңде бала қарым-қатынас мәдениетін, сенім мен адалдықты үйренеді.

Зерттеу барысындағы байқаулар

Уақыт сыны

Кей адамдар достықты өмір бойы сақтайды, ал кейбір байланыстар уақыт өте әлсіреп, ұмыт қалады.

Қазіргі үрдіс

Бұрынғы буынның достығы берік көрінсе, бүгінгі заманда көптеген достық тұрақсыздау болып бара жатқанын байқауға болады.

Қашықтық кедергі емес

Нағыз достықта шекара жоқ: телефон, хат, сурет, бейне — бәрі жүректен жүрекке жақындататын көпір.

1-бөлім. Достық дегеніміз не?

Достық туралы түсінік

Достық — адамдардың бір-біріне адал болып, қалтқысыз сенуі, ортақ мүдде мен ұқсас көзқарасқа сүйенген жақын қарым-қатынасы. Ол жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірдің сынақтарына мойымай өтуге көмектеседі; қайғы мен қиындықты бірге көтеруге күш береді. Достардың мінезі әртүрлі болуы мүмкін: біреуі қызба, біреуі сабырлы; біреуі тұйық, біреуі ашық. Бұл айырмашылық достыққа кедергі емес, керісінше адамды өз кемшілігін түзетуге жетелейді.

Ал сатқындық, екіжүзділік, өтірік, өзімшілдік достықпен ешқашан үйлеспейді.

Мақал-мәтелдердегі мән

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

«Досы жақсының, өзі де жақсы»

«Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені»

«Қайғының бәрі соның басында»

Достыққа қарсы ұғымдар — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге берілген адам өзгенің қуанышын көтере алмайды және достықтың қадірін түсінбейді. Сондықтан дұрыс дос таңдай білу — өмірлік маңызды дағды.

Ойшылдардың пікірі

«Достық өз бойына қаншама пайдалы нәрселерді біріктіреді! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді; ол барлық жерде бар; ол ешқашан мезі қылмайды және орынсыз килікпейді. Ол сәттілікке жаңа сәуле береді, ал ортақтасқан сәтсіздіктер өз уытын жоғалтады».

— Цицерон

Достық — өмірдің өзі сияқты сан қырлы. Сол себепті оған жауапкершілікпен, байыппен қараған жөн. Ф. Франклин де досты асықпай таңдаудың маңызын атап өткен.

Шынайы достықтың қағидалары

  • Қиын кезде бір-біріңе көмектес.
  • Досыңды алдама, адал бол.
  • Досыңды қорлама, қадірін біл.
  • Қызықты сәттерді бірге бөлісе біл.
  • Барда да, жоқта да шындықпен бағалай біл.
  • Кемшілікті кешіре біл, бірақ жақсылыққа жетеле.

Өсімдіктер қалай «дос» болады?

Достық ұғымы адамдар пайда болмай тұрып-ақ табиғатта әртүрлі өзара байланыс түрінде болған болуы мүмкін. Алғашқы адамдар да жалғыз жүргеннен гөрі бірігіп әрекет етудің тиімді екенін түсінген. Табиғатта өсімдіктер мен өсімдіктердің, өсімдіктер мен адамның, саңырауқұлақ пен ағаштың өзара пайдалы қатынастары кездеседі.

Жемістер мен көкөністер арасындағы үйлесім

Кейбір өсімдіктерді қатар орналастыру немесе бірге сақтау олардың өсуіне, пісуіне әсер етеді. Мысалы, алманы қырыққабат пен қиярдың қасында сақтауға болмайды. Ал қызанақ алманың жанында тезірек қызарады.

Биологиялық өзара көмек

Көптеген саңырауқұлақтар ағаштың тамырларымен тығыз байланыс орнатады. Бұл байланыс ағашқа суды жақсы сіңіруге және минералды қоректік заттарды алуға көмектеседі.

V-бөлім. Адамдар арасындағы достық

Достық туралы өлең

Ғажап қой мына өмірде дос дегенің,

Көбейгенін достарымның қош көремін.

Көрген жанға жылы қабақ танытсам,

Әр баласын қазақтың дос көремін.

Достарыммен әрқашан мақтанамын,

Өздеріңмен өмірден бақ табамын.

Ұлы ұғым болса-дағы үш әріп,

Сол — менің байлығым мен аппақ арым.

Мен қайғырсам, менімен бірге қайғырып,

Мен қуансам, шын жүректен қуанар.

Тым адал достарым бар жанымда,

Сол үшін көңілім әрдайым нұрланар.

Жүрегімнің жыр бағынан жыр үзіп,

Достық жайлы бір үзік өлең жаздым.

Жаныңдағы шын досқа не жетсін,

Жүрегіңді жүрегімен түсінсе — асыл!