Тағы қай ақынның көктем туралы өлеңдерін білесің
Сабақ тақырыбы
І. Жансүгіров — «Көктемде», М. Хакімжанова — «Көктем жыры»
Мақсаты
- Көркем шығарманы тану; адам мен табиғат байланысын түсіндіру; өлеңдегі табиғат бейнесін айқындау.
- Оқушының шығармашылық мүмкіндігін, мәнерлеп оқу шеберлігін, өзіндік ізденісін және сұраққа еркін жауап беру дағдыларын дамыту.
- Эстетикалық құндылық пен экологиялық танымды қалыптастыру; табиғатты құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
Көрнекілік
Авторлардың портреттері, сызбалар, ауыл табиғаты бейнеленген слайдтар, бейнетаспа.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: оқушылар бір-біріне сәттілік тілеп, сабаққа жағымды көңіл-күймен кіріседі.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар өткен бөлімді еске түсіреді: «Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі». Осы бөлімде танысқан ақын-жазушылардың шығармаларын атап, қорытынды ой айтады.
Жазба жұмысы
«Маған ұнаған шығарма» тақырыбындағы эсселер тыңдалады (4–5 оқушы оқиды).
Ой қозғау
Табиғат көріністері берілген суреттерге (слайд) қарап, жетекші сұрақтарға жауап беріледі.
Жаңа сабақ
Мұғалім оқушыларды табиғат аясына «шақырып», қыс пен көктемнің алмасуын бейнелі сұрақ арқылы ашады: жер-ана ақ көрпесін түріп, айнала жаңарып, көктем келеді.
Кіріспе өлең (Ә. Жәмішев — «Көктем келді»)
Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Лебіменен жылытып өкпек желді.
Күн сәулесі тоң жоңын жербұлау ғып,
Бусандырды бұрлыққан беткейлерді.
Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Көк мұнарға бөктіріп көк пен жерді.
Көктем деген — жаздың кең дарбазасы,
Гүлге орап жіберер өткелдерді.
Бүгінгі сабақта
- І. Жансүгіровтың «Көктемде» өлеңімен танысамыз.
- М. Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңін оқимыз.
- Авторлардың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасаймыз (кесте/слайд).
І. Жансүгіров — «Көктемде» (жұмыс барысы)
- 1 Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- 2 Сөздік жұмысы: шымайт, құмайт, мал балалап, өкіріп.
- 3 Оқушылар өлеңді кезектесіп оқиды.
- 4 Жеке қима қағаз арқылы топтастыру жұмысы орындалады.
М. Хакімжанова — «Көктем жыры» (жұмыс барысы)
- 1 Өлеңді мұғалім оқиды.
- 2 1–2 оқушы мәнерлеп оқиды.
- 3 Жеке қима қағазға бейнелеу сөздер теріліп жазылады.
Талқылау сұрақтары
1) Ақындар көктемнің келгенін табиғаттағы қандай өзгерістер арқылы байқатады?
2) Жан-жануарлар мен құстар тіршілігінде қандай өзгерістер бар?
3) Балалардың еңбек қуанышы қай жолдарда айтылады?
4) Егер сурет салсаң, нені бейнелер едің?
5) Көктем туралы тағы қандай ақындардың өлеңдерін білесің?
Қорытындылау және бағалау
Оқушылар көктем мезгілі туралы білімін толықтырады. Қыс бойы қар қалың жауса, көктемде су тасқыны қаупі артатыны айтылады.
Қауіптің алдын алу
Су тасқынын болдырмау үшін адамдар үй маңындағы қарды дер кезінде тазалап, судың ағуына арналған арықтарды ашып отыруы қажет.
Үй тапсырмасы
- Өз қалауың бойынша бір өлеңді жаттау.
- I топ: «Көктем» тақырыбына сурет салу.
- II топ: Венн диаграммасын толтыру.
- III топ: «Менің ауылымның көктемі» тақырыбында шығарма жазу.