Жолда жүру ережелерін меңгерту

Кіріспе сөз

«Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Жол ережесін білу — өмірімізді қауіптен сақтайтын маңызды дағды. Ережені түсініп, оны дұрыс орындау баршамызға қажет.

Психологиялық тренинг: «Достық шеңбері»

Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Біздер — қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.

Әңгімелесу және бақылау

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:
Балалар, тақтадан нені көріп тұрмыз?
Балалар: көшелер, көліктер.
Тәрбиеші:
Жолдар қандай болады?
Балалар: тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.

Ізденіс әңгіме

Астананың көшелері кең. Үлкен қалада көліктер көп болғандықтан, жолдағы тәртіп пен сақтық әрқашан маңызды.

Жұмбақ

Төбесінде шырағы,
Жолаушының пырағы.
Барасың деп қай жаққа,
Алдын күтіп тұрады.
Шахматтың тақтасы секілді,
Онда таңба бар.
Бұл қай көлік?

Жауабы

Такси

Біздің қалада көліктің түрі көп. Бүгінгі тәрбие сағатында жолда жүру ережелерін еске түсіріп, жаяу жүргіншілерге арналған белгілермен және аялдама белгісімен танысамыз.

Өлең шумақтары

1-шумақ

Санап кетсек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.

2-шумақ

Көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.

3-шумақ

Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау-саламат жүреміз.

4-шумақ

Көшеде бағдаршам болмаса,
Жөн сілтер кісі жоқ өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сен өз көзіңе сен.

5-шумақ

Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң,
Мойныңды сал сол жақтан оң жаққа.

6-шумақ

«Мен білемін бәрін» деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткен соң,
Жолаушы алға беттесін.

Бағдаршам: үш көздің ережесі

Тәрбиеші: «Менің үш көзім бар: бір көзім — кідір дейді, бір көзім — абайла дейді, бір көзім — жүр дейді.»

Бағдаршам туралы тақпақ

Менің атым — Бағдаршам,
Міндетімді жақсы білем.
Мекен-жайым тұрақты,
Ешқашан мүдірмеймін.

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Ойын шарты

  1. 1 Балалар дөңгеленіп тұрады.
  2. 2 Қызыл түсті көрсеткенде — балалар бір адым артқа шегінеді.
  3. 3 Сары түсті көрсеткенде — сол орында тапжылмай тұрады.
  4. 4 Жасыл түсті көрсеткенде — бір адым алға жылжиды.

Ойын 3 рет қайталанады.

Қорытынды ереже

Балалар, көшеде біз әрқашан жиек жолмен (тротуармен) жүреміз.