Сөздерге жұрнақ жалғау
Сабақтың тақырыбы
Сөз және оның құрамы.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды сөздің құрамымен таныстыру, түбір мен қосымшаны ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
- Түбір мен қосымшаның айырмашылығын түсіндіру.
- Қосымшаның түрлері: жалғау және жұрнақ екенін, олардың өзіндік белгілерін меңгерту.
Дамытушылық
- Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
- Сөйлеу және әңгімелеу дағдыларын жетілдіру; мәнерлеп сөйлеуге, көркем жазуға баулу.
- Өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Ұжымда өзара сыйластыққа және ізгілікке тәрбиелеу.
- Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
- Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың типі
Дәстүрлі
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік арқылы түсіндіру, жарыс элементтері, ойын.
Көрнекілік құрал-жабдықтар
Символикалық тірек-сызбалар, сөйлемдер, суреттер, қима қағаздар.
Сабақ жоспары
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
- Жаңа сабақты бекіту
- Қорытындылау
- Үйге тапсырма
- Бағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
- Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
II. Үй тапсырмасымен жұмыс
5-жаттығу: сурет бойынша әңгіме құрастыр. Отбасы мүшелеріне сипаттама бер. Әңгімеңде қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдан.
Ережелерді қайталау және білімді жан-жақты тексеру: сөз және оның мағынасы.
III. Жаңа сабақ
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Негізгі күтілетін нәтижелер:
- Сөздің түбірі мен қосымшасын таба білу.
- Түбір сөз бен қосымшалы сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
- Жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен ажырата білу.
- Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздермен сөйлем құрау.
Негізгі ұғымдар
Сөз тек дыбыстардан ғана емес, мағыналы бөлшектерден де құралады.
Түбір — сөздің әрі қарай бөлінбейтін, негізгі мағынасы бар бөлігі. Мысал: қала, орман, көше.
Қосымша — түбірге жалғанатын бөлшек. Мысал: қала-ға, орман-да, көше-де.
Жұрнақ — түбірге жалғанғанда сөздің мағынасын өзгертетін қосымша.
Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөз туынды сөз деп аталады. Мысал: таудай, тазалық, асхана.
Дәптермен жұмыс: көркем жазу
Қаламсапты дұрыс ұстау және дұрыс отыру ережелері ескертіледі.
Тақтадағы сөздерді оқы да, олардың қайсысы түбір сөз екенін анықта:
күй, сыз, таза, жазу, ұш, іс, сый, көл, ем, ойын
- Берілген сөздерге жұрнақ жалға.
- Жұрнақ жалғанғанда түбір сөздің мағынасы қалай өзгергенін түсіндір.