Блок ішіндегі блок
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Жай командаларға арналған есептер бойынша программа құру шеберлігін тексеру, тапқырлықтарын бағалау.
2) Дамытушылық
Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
3) Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу, жаңа терминдерді өз атауымен дұрыс айтуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты сабаққа әзірлеу, сәлемдесу.
- Түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Қайталау және бекіту тапсырмалары
1) Сөз тіркестерін қысқа сөздермен алмастыру
Мақсат: терминдерді нақты және дұрыс қолдану
| № | Сөз тіркесі | Қысқа түрі |
|---|---|---|
| 1 | Программа аты | program |
| 2 | Паскаль кітапханасы | uses |
| 3 | Белгі | label |
| 4 | Тұрақты | const |
| 5 | Тип | type |
| 6 | Айнымалы | var |
| 7 | Процедура | procedure |
| 8 | Функция | function |
| 9 | Көшу операторы | GOTO |
| 10 | Блок ішіндегі блок | Локальді блок |
| 11 | Басқа блокқа кірмейтін блок | Глобальді блок |
| 12 | Енгізу операторы | read |
| 13 | Шығару операторы | write |
Қорытынды сұрақ: жоғарыда аталғандардың ішінен негізгі блокқа енетіндерін атаңдар.
2) Қателерді анықтау
Төмендегі жазбадағы орфографиялық және синтаксистік қателерді тауып, дұрыс нұсқасын жазыңдар.
program; lаbel; const tupe; var; procedure; function; begin; ; ; End.
3) Қалдырылған сөзді табу
-
Паскаль тілінде программа екі бөліктен (екі блоктан) тұрады:
- ... сипаттау, яғни ... бөлімі;
- ... амалдарды бейнелеу, немесе ... бөлімі.
- ... — алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.
- Паскаль тілінде барлық операторлар бір-бірінен ... арқылы ажыратылады.
- Бір жолда жазылатын символдар саны ... аспауы қажет.
- ... және ... түйінді сөздері операторлық жақша деп аталады.
- Операторларды ... және ... командалар болып екіге бөледі.
- ... операторлар деп құрамында басқа операторлар болатын операторларды атайды.
- ... бірнеше операторлардан құралады; оған шартты операторлар, таңдау операторлары, қайталау операторлары жатады.
4) Сөйлемді толықтыру (есептеулер жүргізу)
Төмендегі үлгіні толықтырып, қажетті айнымалылар мен өрнектерді жазыңдар.
Program .................; Var ....................; Begin Writeln(.....................); Readln(......................); .....................................; Write(...................); End.
5) Қандай сөз қою керек?
const; мысалы: pi = 3.14
var; мысалы: x = 5, y = 4; ал жариялау үлгісі: x: ...
Есеп
Көкөніс өсіретін ғимарат жарты цилиндр пішінді: ұзындығы L-ге тең, ал қимасы радиусы R-ге тең жарты шеңбер. Жылыжайдың бүйір бетінің ауданын табатын программа құрыңдар.
Program ecep;
Const ....... = 3.14;
Var .......... : real;
Begin
Writeln('........ engiz');
Readln(..............);
.......................................;
Write('...... = ', ......);
End.
6) Электрондық оқулықпен жұмыс
Электрондық оқулықтан есептер шығару және нәтижесін тексеру.
III. Білімді талдау және бағалау
Оқушылардың жауаптарын талдау, тапсырмаларды орындау сапасын бағалау.
IV. Үй тапсырмасы
74-беттегі № 1, 2, 3, 4, 13 есептерге программа құру.