Мәтіннен диалог сөздерді тауып оқу

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

Опорный орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Зульфия Жумабаева Алматовна

Сабақтың тақырыбы

М. Төрежанов — «Қолғабыс»

Бұл сабақтың өзегі — оқушыны мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды ажырата білуге және ой-пікірін жүйелі жеткізуге үйрету. Сонымен бірге бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырып, адалдық пен еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік

  • Оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
  • Жүйелі баяндауға, өз ойын және пікірін ашық жеткізуге үйрету.
  • Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.

ә) Дамытушылық

  • Сөйлеу мәдениетін, мәнерлеп оқу қабілетін дамыту.
  • Өздігінен жұмыс істеуге және оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
  • Шығармашылық қабілетін, тіл байлығын жетілдіру.

б) Тәрбиелік

  • Қауымдасып жұмыс істеуге, бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
  • Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, адалдыққа баулу.
  • Еңбекті сүюге бағыттау.

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақтың типі
Білім мен іскерлікті игеру
Сабақтың әдісі
«Жигсо – 1»
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Көрнекілік
Тірек сызба, кестелер, мақал-мәтелдер
Қолданылатын стратегиялар
Ой қозғау, ассоциация құру, топтық талдау

Күтілетін нәтиже

  • Оқушы мәтінді бөліктерге бөліп оқып, мазмұнын жүйелі баяндайды.
  • Топта пікір алмасып, негізгі ойды дәлелмен түсіндіреді.
  • «Қолғабыс» ұғымын өмірлік жағдаяттармен байланыстырып, тұжырым жасайды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық: оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Сурет салғым келмейді» тақырыбы бойынша «Үш қадамды сұхбат» тәсілімен сұралады:

  • 1-оқушы — сұрақ қоюшы.
  • 2-оқушы — жауап беруші.
  • Қалғандары — тыңдаушы және толықтырушы.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту («Кезбе тілші» әдісі)

Бейнеролик көрсету арқылы «қолғабыс» туралы ассоциация құрылады. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар:

  • «Қолғабыс» сөзін естігенде ойыңа не келеді?
  • Нені елестетесің?
  • Қандай сезім пайда болады?

Оқушылар өз ойларын күн сәулелері бейнеленген қағаздарға жазып, тақтаға іледі. (1 минут)

2) Топтық тапсырмалар

  • 1-топ: «Үлкенге көмек», «Қолғабыс» тақырыбында өлең шығару.
  • 2-топ: Өнер мен еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.
  • 3-топ: Тірек сөздер бойынша ой құрау: ата, көмек, сыйлау, тыңдау.

Сабақ тақырыбына шығу және автор туралы

Оқушылардың жауаптары қорытындыланып, бүгінгі сабақтың тақырыбы таныстырылады: М. Төрежановтың «Қолғабыс» әңгімесі.

Төрежанов Мәдіхат (1921–1996)

30 сәуірде Ақмола облысы, Алексеев ауданы, Трудовой ұжымшарында дүниеге келген. 1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар мектепте мұғалім болып, кейін Ақмола қаласындағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі қызметін атқарған.

Прозалық еңбектері: «Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек». «Құрмет белгісі» орденімен бірнеше мәрте марапатталған.

3) Мағынаны түсіну (мәтінмен жұмыс)

Мәтін «Жигсо – 1» әдісімен меңгертіледі. Мұғалім мәтінді алдын ала үш бөлікке бөледі.

  1. Оқушылар түстер арқылы «эксперт топтарға» бөлінеді.
  2. Эксперт топ мүшелері өз бөлігін жеке оқып, түсінгенін талдап, бір-біріне түсіндіреді.
  3. Эксперттер негізгі топтарына қайта оралады.
  4. Негізгі топта әр оқушы өз бөлімін ретімен баяндап, толық мазмұн құрастырылады.
  5. «Аквариум» әдісі: әр топтан ұсынылған оқушылар тақтаға шығып, мәтін мазмұнын баяндайды.

Сөздік жұмысы

Бидайық — көпжылдық, астық тұқымдас жабайы өсімдік.

Сергіту сәті

  • Сөзжұмбақ шешу.
  • Қысқа сергіту тапсырмалары.

Салт-дәстүрге тоқталу

Тоқым қағу

Баланың бәсіре болып ен салған құлыны кейін арқалы ат болып шығуы мүмкін. Бала осы бәсіремен алғаш рет алыстау сапарға шыққанда, ата-ана оның тоқым қағуын өткізеді. Бұл — ақ ниетпен, адал көңілмен атқарылатын міндет. Мұнда тізгін мен шылбырға баланың өзі ие: ол өз бетімен бір жұмысты бітіргелі немесе біреуге көмектескелі жолға шығады.

Былайша айтқанда, тоқым қағу — баланы еңбекке баулудың, қазақы тәрбиенің бастауына тән дәстүр.

Қозы жасы

Бала он жастан асқан соң қозы бағуға жарады деп есептеліп, «қозы жасына келді» деген ырыммен тілек тілеп, мал атап сойылады.

Тілашар

Бала түрлі дыбыстарды шығара бастаған шақта «тіл берсін» деп ырым жасап, тілашар дәстүрі атқарылады.

Қорытынды тапсырмалар

1-топ

Өзіңнің алғаш рет қандай үлкен іс атқарғаныңды әңгімеле.

2-топ

Мәтінге сүйеніп, Көктомарда Арғынның немен айналысқанын санамалап айтып бер.

3-топ

Мәтіннен диалог сөздерді тауып, мәнерлеп оқы.

Қажет болған жағдайда сабақ материалының толық нұсқасы жүктеу үшін ұсынылады.