Қазақ кеңестік өнерінің дамуы

Сабақтың тақырыбы

1920–1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің жай-күйі туралы жан-жақты мәлімет беру.

Дамытушылық

Тарихи оқиғалар мен үдерістерді тарихи-әдеби деректер арқылы талдату; оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру; салыстыру, талдау, пікір білдіру дағдыларын дамыту және тарихи таным-түсінігін арттыру.

Тәрбиелік

Оқушылардың бойында Отанға, халыққа сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру; патриоттыққа, еңбексүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақ типі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс
Адам және қоғам, әдебиет

Байланыс және ресурс

Өмірмен байланыс
ҚР Президентінің «Қазақстан–2050» стратегиясы, 2013 және 2014 жылғы Жолдауларындағы бағыттармен байланыстыру.
Аймақтық компонент
Өз өлкеміздегі мәдениеттің дамуына мысал келтіру.
Көрнекілік
Интерактивті тақта, слайдтар, фотосуреттер
Әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс, «Суреттер сөйлейді», сәйкестендіру, сөйлемді толықтыру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Сыныпты топқа бөлу.
  • Қызығушылықты ояту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша слайд арқылы еңбекпен түзеу лагерлеріне қатысты фотосуреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттерге сүйене отырып олардың құрылған жылын, орналасқан аумағын және мақсатын түсіндіреді.

Талқылау сұрағы

«Сталиндік репрессия құрбандары кімдер?» (Слайд арқылы тұлғалардың суреттері көрсетіледі.)

Топ атаулары

  • 1-топ: Жас қыран
  • 2-топ: Білімділер
  • 3-топ: Болашақ

III. Жаңа сабақ

Тақырып: 1920–1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті.

Жоспар

  1. 1Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою.
  2. 2Жоғары оқу орындары және мамандар даярлау.
  3. 3Ғылыми-зерттеу мекемелері және ғылымның дамуы.
  4. 4Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.

Жұмыс форматы

1-топ

Кестені аяқтау.

2-топ

Қалып қойған сөздерді жазу.

3-топ

Сөйлемдерді толықтыру.

Негізгі ұғым

Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою мәселесі кесте арқылы түсіндіріледі, кейін жоғары оқу орындары мен кадр даярлау бағыты талданады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыптағы негізгі түсініктерді қайталау. Негізгі бағыт: мәдени құрылыс.

V. Қорытынды

1920–1930 жылдары репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті ілгеріледі: әдебиеттің дәстүрлі бағыттары сақталып, драма жанры кеңінен дами түсті.

1920 жылдың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр ұжымдары жұмыс істеді. Институт негізінде 1926 жылғы қаңтарда Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды.

Үй тапсырмасы

  • «1920–1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті» тақырыбын қайталау.
  • Қосымша деректерді оқу.
  • Маңызды даталарды жаттау.
  • Дәптерге «Т-кестесін» орындау.

Т-кестесі

Мемлекет мәдениеттің дамуына қандай көмек көрсетеді және қандай талап қояды?

Мемлекет Қолдау көрсетеді Талап етеді
Талқылау үшін Оқушының жауабы Оқушының жауабы

Бағалау: сабақтағы белсенділік, жауаптардың дәлдігі және топтық жұмысқа қатысуы бойынша.