Интернетте ақпаратты іздеу
Тақырып
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
Пән
Информатика
Сынып
6-сынып
Сабақ түрі
Практикалық сабақ
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға компьютерді еркін қолдануға мүмкіндік беру.
- Оқушыларды интернетте ақпарат іздеуге үйрету.
- Оқушыларды интернетті дұрыс бағытта пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы
- 1 Оқушыларды ұйымдастыру.
- 2 Үй тапсырмасын сұрау.
- 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 4 Сабақты бекіту.
- 5 Үй тапсырмасын беру.
Жаңа түсініктер
Негізгі терминдер мен анықтамалар
Интернет
Интернет — бүкіл әлем бойынша компьютерлер арасында ақпарат алмасуға және ақпарат беруге мүмкіндік жасайтын желілер жүйесі. Ол әртүрлі байланыс арналарын біріктіретін тораптар жиынтығынан тұрады.
Сервер
Торапта көбіне UNIX сияқты операциялық жүйелерде жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер болады. Олар пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.
Хост
Мұндай торап кейде хост деп аталады.
Провайдер
Торапты оның иесі — провайдер деп аталатын ұйым, яғни интернет қызметін ұсынушы басқарады.
Шлюз
Интернет әртүрлі ережелермен (протоколдармен) жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Осы ережелерді үйлестіру үшін шлюз қолданылады.
Шлюз — бір-бірімен тікелей үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Ол желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін деректерді сәйкес форматқа келтіреді.
Бірыңғай келісімдер (протоколдар)
Интернетке әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Ақпарат алмасу үшін барлық компьютерлер хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдерді қолдануы тиіс. Сонда кез келген компьютер басқа компьютерден алынған ақпаратты түсіне алады.
Электрондық пошта (E-mail)
Электрондық пошта (e-mail, electronic mail) — адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі. Интернеттегі негізгі қызметі — планетаның кез келген нүктесіндегі екі пайдаланушы арасында мәтіндік хабарламалармен өте жылдам алмасуды қамтамасыз ету.
Қосымша мүмкіндіктері
- Дыбыстық хабарламалар жіберу.
- Құжаттар, сызбалар, фотосуреттер, бейнематериалдар жіберу.
- Ғылыми журналдарға, сирек кітаптарға, жарнамаға қол жеткізу.
- Тауарларды ұсыну, тапсырыс беру немесе сату үдерістерін қолдау.
- Ұжымдық іс-әрекеттерді бағдарламалық қолдау, жоспарлау.
- Мекемелер мен ұйымдарда құжат айналымын ұйымдастыру.
Қаржылық және деректер алмасу
Кейбір хаттамалар электрондық алмасуды кеңейтеді:
- EFT (Electronic Funds Transfer)
- Ақшалай қаражатты электронды аудару, төлем құжаттарын жеткізу.
- EDI (Electronic Data Interchange)
- Ұйымдар арасында мәліметтер мен құжаттарды электронды түрде стандартталған алмасу.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың негізгі техникалық компоненті — компьютер. Компьютерлік телекоммуникация алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық пошта арқылы жұмыс істеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Электрондық пошта — қолайлы әрі салыстырмалы түрде арзан байланыс құралы.
Интернеттің қысқаша тарихы
1969: ARPANET басталуы
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Honeywell 516 компьютерінде 12 КБ жедел жады болды.
1971: E-mail бағдарламасы
1971 жылы желі арқылы электрондық пошта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы бағдарлама жасалды және ол кеңінен таралды.
1973: Халықаралық кеңею
1973 жылы трансатлантикалық телефон желісі арқылы Ұлыбритания және Норвегия ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары: Негізгі қолданылуы
1970-жылдары интернет көбіне электрондық поштаны жіберу үшін қолданылды. Алайда әртүрлі техникалық стандарттар негізінде құрылған желілермен байланыс орнату мүмкіндігі шектеулі болды.
Қазіргі интернет қызметтері
Бүгінгі күні интернет көптеген сервистерді біріктіреді. Ең кең тараған қызмет түрлері төмендегідей:
Бүкіләлемдік тор (WWW)
- Веб-форумдар
- Блогтар
- Уики-жобалар (Уикипедия)
- Интернет-дүкен
- Интернет-аукцион
Байланыс
- Электрондық пошта
- Мессенджерлер
- IP-телефония
- IRC (веб-чаттар)
Медиа
- Интернет-радио
- Интернет-теледидар
- Электрондық кітаптар
Алмасу және сақтау
- Файл-алмасу желілері
- FTP-серверлер
- Өшірілген терминал (қашықтан қол жеткізу)
Ақпарат табу
- Іздеу жүйелері
- Жаңалықтар топтамасы (Usenet)
Қаржы және жарнама
- Төлеу жүйелері
- Интернет-жарнама
Сабақты бекіту сұрақтары
- 1 Интернет дегеніміз не?
- 2 Алғашқы ARPANET сервері қай жылы орнатылды?
- 3 Кең тараған интернет қызметтерін атаңдар.
Үй тапсырмасы
1) Жоба әзірлеу
Бірігіп, шағын жоба әзірлеңдер: интернет қызметтері немесе электрондық пошта тақырыбына мысал келтіріп, қолдану салаларын сипаттаңдар.
2) Реферат
Таңдаған тақырып бойынша қысқаша реферат жазыңдар (мысалы: іздеу жүйелері, қауіпсіз интернет, немесе электрондық пошта мәдениеті).