Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, Жылап жатыр үйге енбеген келіндер
Heгe жыламасын?!
Бәрісі де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған.
Түнек болып келе жатқан тажалға,
Аттануда, аттануда тірі адам.
Жылап жатыр.
Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер.
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер,
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.
Боздақтарын аттандырған шақтарда,
Боздап еді - ау, боркемік боп қарттар да.
... Бір орманның бір түп өндір шыбығын
Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба.
- Ал енді сен азаматсың! - деп маған,
Арбасына отырды да кетті ағам.
Тағы да бір қайрылмас па екен деп,
Тозаңдатқан қара жолды бетке алам.
Қайрылмады.
Олар ұзап барады.
Ән естілді.
Әлдиледі даланы.
Қарап тұрмын.
Құйын болып ағады
Қара жолмен
Көршіміздің Жанары.
(Талай рет хат апарып бергем - ді)
Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді.
Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді,
Қайсар қыздың қылығына ел көнді.
Қайран аға!..
Қайсар жанды таңдапты.
Қарсы ұшты.
Жұрт күрсінді салмақты.
Екеуінің араларын шаң жапты,
Екеуінің ортасында жау жатты.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанның саяси модернизация
Қазақтың салт – дәстүрлері жайлы ақпарат
Отбасы және некелік қатынастар
Төле би жайлы
«Бірлік» совхозының директоры болған Сәбит Тілеубердиев әңгімелер
Тимур және оның командасы
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ
Қажылықтың қасиеттерi
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген
Балаларды әлгі үйге жиып алып
Құлатай үйге кірген соң, бойы бір тұтам ашулаңды
Андерсен күйгелектеп
Жазып жатыр түге
Үйге қайтып келіп, орныма жаттым
Ендігі жерде Алыпсоқтыңда жүгі ауырлай бастады, кешке таман үйге қайтқысы келмейтін түйелерді кері қуып әлек
Екеуміз үйге кеш оралдық
Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді