Жаңа сабақты меңгертуге байланысты тапсырмалар

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар (5-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Орфография және орфоэпия

Сабақтың мақсаты

Оқушылар айтылуы мен жазылуында ерекшелік байқалатын сөздердің емлесін дұрыс қолдануды және айтудағы ерекшеліктерді сақтауды үйренеді.

Сабақтың әдісі

СТО, АКТ

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты өздігінен меңгерту

Көрнекілігі

Слайдты плакаттар, сөздермен безендірілген парақшалар, «жеміс ағашы», үнтаспа, орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі

Күтілетін нәтиже

Оқушылар айтылуы мен жазылуында ерекшелік байқалатын сөздердің емлесін меңгереді, айтудағы ерекшеліктерді сақтауға дағдыланады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Танысу тренингі: Оқушылар ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрады. Дөңгеленіп тұрып, кезекпен аты-жөнін айтып, өзіне тән бір қасиетін сипаттайды.

Топқа бөлу

Оқушыларға кішкене қағаз бетшелер таратылады. Бетшелердегі сөздерге қарай топтасады.

Зат есім

Қазақстан, елтаңба, әнұран, президент, халық

Сын есім

әдемі, жасыл, тәтті, көркем, сұлу

Сан есім

тоғыз, жеті, бесінші, №1, 50

Етістік

нұрландырады, көтеремін, мақтайсың, жеткізеді, өрлейді

Бағалау

Тапсырма сұрақтарына жауап берген оқушыларға жұлдызшалар беріледі. Сабақ соңында жұлдызшалар санына қарай баға қойылады.

Сұрақ

Қандай қорытынды жасауға болады?

Кейбір сөздер жазылуына сәйкес айтылмайды, сондықтан дұрыс жазу мен дұрыс айту ережелерін ажырата білу маңызды.

III. Жаңа сабақты меңгертуге арналған тапсырмалар

1) Дұрыс жазу үлгісі (орфография)

Жазылуы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Назарбаев

2) Дұрыс айту үлгісі (орфоэпия)

Айтылуы
Отпасында адам бойындағы асыл ғасиеттер жарқырай гөрініп, қалыптасады. Отаңға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Назарбаев

Түйін

  • Орфография — сөздерді дұрыс жазу ережелерін қарастырады.
  • Орфоэпия — сөздерді дұрыс айту нормаларын сақтауға үйретеді.