Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын, Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Күзгі бал кеші: жүргізушілер сөзі

Жүргізуші 1

Келді міне алтын күз —
Сары шашты, жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңқалдырар халықты күз.

Жүргізуші 2

Қош келдіңіз, көрермен,
«Күзгі бал» атты кешіне!
Отырыңыз, қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.

Жүргізуші 1

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.

Құрметті көрермендер, жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Күзгі бал» кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа 1–4 сыныптардан 8 топ қатысады.

Әділқазылар алқасын шақыру

Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Оқу ісі меңгерушісі

Әділ бағалау және қорытынды шығару

Мектебіміздің тәлімгері

Тәрбиелік бағыт пен қолдау

Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Көркемдік деңгейін бағалау

Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Сәлем жолдап баршаңызға,
Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға.

Қатысушы топтарды таныстыру

Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

4-сынып

Қатысушы топ

3-сынып

«Ақ бидай», «Жомарт күз»

2-сынып

Қатысушы топ

1-сынып

Қатысушы топ

Қош келдіңіздер! Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.

Сайыс кезеңдері

1) «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл»

Топтар өздерін таныстырады.

2) «Өнерлі өрге жүзеді»

Топтар өнерлерін көрсетеді (ән, би, көрініс).

3) «Кім жылдам?»

Жұмбақ шешу сайысы.

4) «Ас — адамның арқауы»

Күзгі тағам дайындау және ас мәзірін таныстыру.

Кімдер білгір, кімдер өнерпаз — білейік.
Жарасымды топтар деп жүрейік.
Әділқазы алқасына — әділдікті,
Ал сыныптарға — сәттілік тілейік!

Таныстыру кезеңі

Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Сайысушы топтарды шақырайық,
Таныстыру кезегін бір жалғаса.

Таныстыру сайысы аяқталды.

Әділқазылардан қорытынды бағаны сұраймыз.

«Өнерлі өрге жүзеді» кезеңі

Ал кімнің өнері қаншалықты? Бірі би билеп, бірі ән салады. Бүгінгі «Күзгі балда» бәйге алуға топтарымыз аянбай күш салады.

Бағалау

Өнер сайысының қорытынды бағасын әділқазылардан сұраймыз.

«Кім жылдам?» жұмбақ сайысы

Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,
Түсінерсің тоқ етер тіл қатқанға.
Келесі тапсырманы орындап біз,
Бір сәт ойланып көрейік жұмбақтарға.

  1. Алтын сары тоны бар, қойнында дәні бар. Не екенін тап.

    Жауабы: бидай

  2. Қалың киім ұнатады, шешіндірсең жылатады.

    Жауабы: жуа

  3. Үстіне тіккен дәу шатыр, астында қызғылт дән жатыр.

    Жауабы: қызылша

  4. Жаздай інге тығылып жатқан қызыл түлкіні құйрығынан суырып әкелді әкем бір күні.

    Жауабы: сәбіз

  5. Аласы бар, жасылы бар, көгі бар. Ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар.

    Жауабы: қарбыз

  6. Күннен көзін алмайды, мойыны бірақ талмайды.

    Жауабы: күнбағыс

  7. Жиын-терін болатын, қамбаға дән толатын, қызыл қырман ойнайтын — қай мезгіл?

    Жауабы: күз

  8. Жерге тырыс-тырыс тамады, сайға қарай ағады. Шешуін кім табады?

    Жауабы: жаңбыр

  9. Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Түймелеуге жетпейді, жаңбыр одан өтпейді.

    Жауабы: қырыққабат

  10. Әрі қызыл, әрі тәтті — татқан жанды таңырқатты.

    Жауабы: алма

  11. Қауын-қарбыз дей алмайсың: піскенменен жей алмайсың. Жарғанменен қап-қатты, ал асқаныңда дәмі тәп-тәтті.

    Жауабы: асқабақ

  12. Көк аланы көгенде көрдім, көгеннен қиып жегенде көрдім.

    Жауабы: қауын

  13. Өзі шалғы, өзі орақ, өзі қырман, өзі арба, өзі күрек, өзі қап.

    Жауабы: комбайн

  14. Ай пішіндес оның іші, күн пішіндес оның сырты.

    Жауабы: апельсин

  15. Түйін байлап көктемде, піседі жаз кеткенде.

    Жауабы: алмұрт

  16. Бақтарда балбырап, тұрады албырап. Уылжыған уыздай — алма емес ол, бірақ.

    Жауабы: шабдалы

Қорытынды

Жұмбақ шешу сайысының қорытындысын әділқазылардан сұраймыз.

Күзгі тағам әзірлеу сайысы

Татсақ тағамның дәмі қандай —
Барша жұрт көзбенен қызыққандай.
Күзгі тағам дайындап, әзірлеуге
Қане, қайсымыз жылдам?

Әр топ дайындаған тағамдарын әділқазы алқасына апарып, таныстырады.

Бағалау

«Ас — адамның арқауы» кезеңінің қорытындысын сұраймыз.

Қорытынды сөз

Әділқазылар алқасы қорытынды бағаларын шығарғанша, ән шырқалады.

Топтар жүр қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен сайысымыз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.

Енді қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.