Жер әлемі Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Жер әлемі

Сабақтың мақсаты

  • Балалардың ғаламшар туралы білімдерін тиянақтау.
  • Тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін танытып, білімдерін молайту.
  • Көркем сөз арқылы судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
  • Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру.
  • Құстарға қамқорлық сезімін ояту.
  • Әріптерді тануға, дыбыстарды ажыратуға және сөзге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.
  • Ойын арқылы ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
  • Табиғатқа жанашырлық пен қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.

Керекті құралдар

Ғаламшар (глобус), қапшық, кілемше, гирлянда, ағаштар мен құстардың бейнелері, ыдыстар, микроскоп, жер/су/ауа маскалары, ақ халаттар, қолғаптар, тоңазытқыш, түрлі түсті бояулар, мақта, қант, ұн, әріптер, сандар, алмұрттар.

Сабақтың барысы

1) Топқа кіру және қонақтармен амандасу

Музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіріп, қонақтарға сәлем береді.

Тәрбиеші

Балалар, бүгін біздің топқа қонақтар келді. Олар сендердің білімдеріңді және тәртіптеріңді көргісі келеді. Ендеше, өзіміздің тәртіпті, ақылды балалар екенімізді көрсетейік.

Балалар

Сәлеметсіздер ме?

2) «Жақсы тілек» шеңбері

Балалар дөңгеленіп отырған орындықтарға жайғасады. Тәрбиеші домалақ жіпті (жіп шумағын) бір-біріне бергізіп, әрқайсысы жақсы тілегін айтады.

Тілектер

  1. Су тасқыны болмасын деп тілеймін.
  2. Жер бетінде апат болмасын деп тілеймін.
  3. Суларымыз әрқашан мөлдір болсын.
  4. Табиғатымызды қорғайық.
  5. Ауамыз таза болсын.
  6. Соғыс болмасын деп тілеймін.
  7. Аспанымыз әрқашан ашық болсын деп тілеймін.
  8. Құстарға қамқор болайық деп тілеймін.
  9. Өсімдіктерді аялайық деп тілеймін.
  10. Балабақшамыз көркейсін деп тілеймін.
  11. Деніміз сау болсын.
  12. Үлкендерді сыйлайық.

Ортақ ұран

Домалақ жіп тәрбиешіге қайта оралғанда, балалар жіпті жоғары көтеріп, бірге айтады:

Біз бәріміз доспыз, әрқашан біргеміз.

3) Ғаламшармен танысу

Тәрбиеші

Балалар, бүгін топқа келгенімде табиғат бұрышында шарға ұқсас әдемі зат ілулі тұр екен. Атын есіме түсіре алмай тұрмын. Маған көмектесіңдерші.

Балалар

Бұл — ғаламшар (глобус).

Тәрбиеші

Ол қандай зат? Ондағы түрлі түстер нені білдіреді?

Балалар

Бұл — Жер әлемі. Онда қалалар, өзен-көлдер, ормандар түрлі түспен бейнеленген.

4) Сиқырлы қапшық және табиғат ананың хаты

Осы кезде есік қағылып, топқа өзі жүретін сиқырлы қапшық кіреді. Тәрбиеші қапшықты ашып, ішінен хат алады. Қапшық қайта шығып кетеді.

Хаттың мазмұны

«Балалар, мен сендерді өз әлеміме саяхатқа шақырамын. Алақандарыңды үш рет соқсаңдар, сиқырлы кілем пайда болады. Ұшатын кілеммен жылдамырақ келіңдер».

— Табиғат ана

Тәрбиеші

Балалар, барамыз ба?

Балалар

Иә.

5) Ұшатын кілеммен саяхат

Балалар алақандарын үш рет соғады — сиқырлы кілем пайда болады. Барлығы тыныш отырып, кілемге жайғасады.

Дауыс

Енді көздеріңді жұмып, аспан әлемін елестетіңдер.

Тәрбиеші

Балалар, аспанда нелер болады?

Балалар

Ай, күн, жұлдыздар.

Тәрбиеші

Күн туралы не білесіңдер?

Балалар

Күн бізге жарық пен жылу береді.

Тәрбиеші

Біз аспанда ұшып барамыз. Ал төменде нелер қалды?

Балалар

Қалалар, таулар, өзендер, ормандар.

Дауыс

Енді көздеріңді ашсаңдар болады. Сендер келдіңдер.

6) Табиғат ананың мұңы

Тәрбиеші

Балалар, бұл неткен қараңғылық? Бұл әлем неге мұңайып тұр? Сендерге ұнап тұр ма?

Балалар

Жоқ.

Табиғат ананың мұңлы үні

Табиғатпен тіршілік,
Көк түтінге тұншығып.
Аяқ асты тапталып,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса...
Сонда болар кім ие?

Тәрбиеші

Бұл — табиғат ананың дауысы. Ол ренжіп тұрған сияқты. Адамдар табиғатты қорғамай, бұл әлемді қараңғылық басыпты. Балалар, көмектесеміз бе?

Балалар

Иә.

7) Табиғаттың төрт құдіретімен амандасу

Бала

Апай, табиғаттың төрт құдіретімен амандасайық. Мүмкін, жүрегі жылыр.

Тәрбиеші

Өте дұрыс айтасың!

Балалардың амандасуы

Армысың, қайырымды қара жер.
Армысың, мөлдір таза су.
Армысың, шұғылалы алтын күн.
Армысың, мейірімді аспан ата.

Осы сәтте әлемге сәуле түсіп, айнала жарықтанады. Сылдыраған су дыбысы естіледі.

Тәрбиеші

Балалар, қараңдаршы! Мұнда қандай әдемі! Анау алма ағаштарына назар аударыңдар!

Бала

Апай, қараңызшы, алмаларда әріптер мен сандар жазылған. Демек, бұлар сиқырлы алма ағаштары!