Ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, қатынасушы оқушыларды марапаттау

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Сымбат» жеке мектебі

Ісанатты мұғалім: Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы

Денсаулықтың достары

Түрі

Ертегі

Мақсаты

Жас өскіндердің санасына ішімдік, темекі, есірткінің адамды аздыратынын ертегі арқылы дәлелдеп түсіндіру. Оқушыларды мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жүрісі

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды ертегіге дайындау.

II. Негізгі бөлім

Ертегі: «Денсаулықтың достары»

Автор

Ерте-ерте ертеде, ең әдемі өлкеде Денсаулық атты хан болыпты. Мінезі жайдары жан екен. Халқының қамын ойлап, қайғысына қайғырып, қуанышын бірге тойлапты. Бір күні алыстан қонақтар келіпті.

Қонақ

Темекі

— Естіп-біліп жүрміз, хан екенсің, «арыстан».

Автор

Қонақтарды құрметпен қарсы алып, жақыннан танысуды ойлапты. Алдымен ортаға Арақ шығыпты.

Кейіпкер

Арақ

— Мен Арақпын. Мәңгілікке бәрімен дос болуға жараппын. Көңілді көтеремін, өңіңді кіргіземін. Дос болсаңдар менімен, сүйесіңдер өмірді.

Кейіпкер

Темекі

— Менің атым — Темекі. Қолымнан бәрі келеді. «Жағымды» иісім мен түтініме ерген көп. Еріккенде адамға табыламын әрдайым. Қолымды алсаң, жаман ба?

Кейіпкер

Есірткі

— Мен — Есірткі «батырмын». Атымның тармағы көп. Маған жақындаған жан қайғысын ұмытатындай көрінеді. Бұл — «күшімнің» бір сыңайы.

Автор

Қонақтар өздерін осылай таныстырды. Денсаулық хан олардың сөзін ұйып тыңдапты.

Денсаулық хан

— Пайдаларың тисе, сарайымда тұра беріңдер. Көмек қолын созатын дос болыңдар, жарай ма?

Оқиға өрбуі

Есірткі, Арақ, Темекі дәл осыны күтетін. Олар оңаша отырып ханды келекеге айналдырды.

Темекі сарайды аралап, көк түтінге толтырды. Арақ ішкен адамдар шулап, күлкіге басты. Есірткіге еліккендер тәуелділікке түсіп, апиын, көкнәр секілді түрлеріне берілді.

Аз күнде-ақ сарай азып-тозды. Береке қашты. Денсаулық ханның да жағдайы нашарлады: басы айналып, дел-сал болды, еріншектік пен енжарлық меңдеді.

Автор

Бір күні сарайға «Ақыл» атты қария кірді. Сарайдың азып-тозғаны елге жария болған еді.

Ақыл

— Денсаулық патшам, бұл не хәл? Еліңе не дейсің? Аз ғана уақытта сені аздырған қандай жағдай?

Автор

Патша не дерін білмеді, себебін айта алмады. Тек бақытты өткен күндерін еске алды. Ақыл бәрін түсініп, қонақтарды тез арада алдыртты.

Арақ

— Мен Арақпын. Жолаған жанға азаппын. Отбасыңды ойран қылып, мұң мен азапқа саламын. Ха-ха-ха!

Темекі

— Мен Темекімін. Түтініммен улаймын, өкпеге смола жинаймын. Тісті сарғайтамын, істеріңді алға бастырмаймын, жүйкені бұзамын. Сонда ғана зиянымды білерсің. Хе-хе-хе!

Есірткі

— Мен Есірткімін. Мол ақшаға сатыламын. Қолданған адамның өмірін қиямын. Зияным көп, жақсылығым жоқ. Пайдаланған жан бір сәтте-ақ нашақор болады. Ха-ха-ха!

Денсаулық хан

— Не деп кетті мыналар? Мұндай зиянды үшеуін дереу ұстаңдар!

Автор

Күштері көп еді. Хан Ақылды шақырды. Ақыл көмекке Білім, Еңбек, Спортты жедел шақырды. Үшеуі келіп, Арақ, Темекі, Есірткіні ұстап, терең зынданға тастады.

Білім

— Мен — Біліммін. Жақсы істерге себеппін. Оқу мен ғылымға жол ашамын. Дос болайық!

Еңбек

— Мен — Еңбекпін. Менімен дос болған адам қиындықты жеңеді. Ерінбей еңбектенсең, әрдайым тоқ боласың.

Спорт

— Спортты серік етіңіз. Мақтаулы сөз естисіз. Талай биік шыңға менімен бірге жетесіз.

Ақыл

— Мына сөздер маған ұнады. Еңбек, Спорт, Біліммен адам жаны толады. Айрылмастай жүріңдер, ел-жұрт сендерді «Денсаулықтың достары» десін!

Содан бері ел-жұрт жайма-шуақ күн кешіпті. Татулық пен бірлік жарасып, ең мықты ел болыпты.

III. Қорытындылау

Талқылау сұрақтары

  • Ертегіден қандай жақсы, ізгі әдеттерді бойларыңа сіңірдіңдер?
  • Зиянды заттарды ажырата аламыз ба?

Зиянды заттардан аулақ болу қажет екенін ешқашан естен шығармайық.

Ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, қатысқан оқушыларды марапаттау.