Солай емеспе балалар
Сабақ туралы мәлімет
Сабақ тақырыбы
Д дыбысы мен әрпі
Пән: Сауат ашу
Бөлім: Менің достарым
Пәнаралық байланыс
- Математика
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
Оқу мақсаттары
-
1
1.1.9.1 — сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
-
2
1.1.9.2 — дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
-
3
1.1.9.3 — сөздің буындардан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
Ресурстар
Сабақ құрылымы
Сабақтың басы
1) Шаттық шеңбері
Оқушыларды жағымды көңіл күйге бағыттау үшін төмендегі шумақ айтылады:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Мұғалім қысқаша кіріспе сөз айтып, сабаққа ынталандырады.
2) Өткенді бекіту
«Кім жылдам?» ойыны арқылы (слайд/көрнекілік қолдану).
Сабақтың ортасы
1) Жаңа сабақ: жұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Мағынаны тану кезеңі:
Ал, балалар, ойлайық,
Ойлайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақ:
Суға салсаң батпайды, ұрсаң — тыныш жатпайды.
Сұрақ-жауап жұмысы суреттер арқылы жүргізіледі.
2) Тәрбиелік әңгіме: достық құндылығы
Достық — өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады, және ол өзін ешқашан жалғыз сезінбейді.
Оқушыларға бағыттау сөзі:
Достармен бірге жүру, ойнау қандай көңілді! Бүгін де достарыңмен бірге жаңа сабаққа белсенді қатысып отырыңдар.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
3) Тыңдалым
Жазба арқылы үнтаспадан өлең шумақтары тыңдалады:
Достары көп Мараттың,
Ойнайды олар аулада.
Ағасы мен Болаттың,
Барады олар тауға да.
Талқылау сұрағы:
Балалар, бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?
Автор туралы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі — Мыңжанова Далухан.
Материал: «Д дыбысы мен әрпі» тақырыбы бойынша сабақ жоспары.