Балаларды сиқырлы әуендермен таныстыра отырып, мерекелік көңіл - күй сыйлау
Сабақ тақырыбы
«Сиқырлы әуенді тап» (дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер)
Білім беру саласы
Шығармашылық
Оқу іс-әрекет түрі
Музыка
Көрнекілігі мен құралдары
Слайд, музыкалық аспаптар
Мақсаттар
БМ (Білімдік мақсат)
Балаларды сиқырлы әуендермен таныстырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
ДМ (Дамытушылық мақсат)
Сиқырлы аспаптар көмегімен орындалған әуендерді танып, таба білуге үйрету.
ТМ (Тәрбиелік мақсат)
Балалардың көңіл-күйін көтеріп, мерекелік әсер сыйлау.
Билингвистикалық компонент
-
музыкалық аспаптар
музыкальные инструменты
-
сылдырмақ
маракас
-
туған күн
день рождения
Сабақ барысы
1) Ынталандыру, сезімді ояту (мотивациялық-қозғаушылық)
- Балалар залға еркін, көңілді күйде кіреді.
- Үш тілде амандасады.
- Тәрбиеші балаларға бүгінгі оқу қызметінің ерекше өтетінін айтып, сұрақ қояды: «Сендер туған күнге барғанды ұнатасыңдар ма?»
- Балаларға ұсыныс жасалады: өзімізді достарымыздың туған күнінде отырмыз деп елестетейік.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік бөлім
Әңгімелесу сұрақтары
- Туған күнге барғанда сендер не істейсіңдер?
- Қандай көңіл күйде боласыңдар?
«Сиқырлы әуенді тап» тапсырмасы
Бүгінгі туған күн ерекше өтеді: достарымызбен бірге сиқырлы әндерді табамыз. Тәрбиеші әуендерді жасырады, ал балалар тыңдап, қай ән екенін табуға тырысады.
1) Отан-ана
Т. Бейсембек, А. Досмағамбет
2) Астана
А. Досмағамбет, Г. Жотаева
3) Кел, билейік!
Б. Байқадамов, М. Әлімбаев
4) Ағайынбыз бәріміз
М. Әубәкіров, Ә. Дүйсенбиев
5) Бөбектер әні
Е. Ташев, О. Көлжанов
6) Біздің балабақшамыз
Н. Тілендиев, Т. Молдағалиев
7) До-ре-ми
Ө. Байділдаев
Жаңа ән
«Ақша қар» (К. Қуатбаев, Қ. Ыдырысов)
Қозғалыс және бірлескен орындау
- Көңіл-күйімізді көтеріп, тамаша әуенге билейміз.
- «Осень» әнін (күз туралы) сиқырлы аспаптармен сүйемелдеп, бірге айтып көреміз.
- Балалар аспапта ойнап, ән айтып болған соң, сергіту сәтіне көшеміз.
Ойын: «Бейнені жаса»
Әуен ойнап тұрғанда балалар еркін қимыл-қозғалыс жасайды. Әуен тоқтаған сәтте әр бала белгілі бір бейнені жасап, қимылсыз қатып қалуы керек. Қозғалып қойған бала ойыннан шығады.
3) Қорытынды
Осымен бүгінгі көңілді, мерекелік оқу қызметіміз аяқталды. Жақсы күндерде жолығайық, сау болыңдар!
Автор туралы
Атырау қаласы, МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы.
Саз жетекшісі: Жайлашева Динара Жаңабайқызы