Әуе жолы
Сабақтың тақырыбы
Жолаушы (Қазақ тілі, 11-сынып)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың білім деңгейін көтеру және ұжымдық түрде білім алуға дағдыландыру.
- Сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
- Материалды грамматикалық тақырыппен байланыстыра қолдану.
Дамытушылық
Құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын қайталау және грамматикалық талдау жасай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты сабаққа дайындау.
II. Үй жұмысын тексеру
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
III. Жаңа сабақ
1-тапсырма
Суретті сөздікпен жұмысБерілген сөздерді орыс тіліне аударып, төмендегі бағандарға бөліп жазыңдар:
Сөздер:
Тікұшақ, ұшақ, жеңіл көлік, ғарыш кемесі, кеме, ат арба, пойыз, электропойыз, автобус, жүк көлігі, трамвай, машина, желкенді қайық.
Құрлық жолы
Теміржол
Әуе жолы
Су жолы
2-тапсырма
Сұхбат (рөлге бөліп оқу)Диалогты рөлге бөліп оқыңдар. Көлік атауларын анықтаңдар.
— Айман, жол болсын! Қайда шықтың?
— Алматыға. Ал өзің не істеп жүрсің?
— Түркістанға бара жатырмын.
— Қандай көлікпен барасың?
— Автобуспен барамын.
— Егер асықсаң, ұшаққа билет алмайсың ба?
— Жоқ, мен асығыс емеспін, сондықтан автобуспен барамын.
— Автобуспен неше сағат жүресің?
— Автобус жолаушылар пойызына қарағанда тезірек барады.
— Неге пойызбен бармадың? Пойыз автобусқа қарағанда сенімді ғой!
— Сен Алматыға қандай көлікпен барасың?
— Мен Алматыға жеңіл машинамен барамын, өйткені жолда екі қалаға соғуым керек.
3-тапсырма
Автобекеттің анықтама бюросыДиалогты жалғастырыңдар.
Жолаушы: Кешіріңіз, менің Алматыға баруым керек еді.
Қызметкер: Сіз Алматыға №107 автобуспен бара аласыз.
Жолаушы: Бұл автобус бүгін жүре ме?
Қызметкер: Бұл автобус бүгін сағат бесте жүреді.
4-тапсырма
Сурет бойынша әңгімеСурет бойынша әңгіме құрастырыңдар. Кемемен туристік саяхат жасаудың қызығы туралы айтыңдар.
IV. Деңгейлік тапсырмалар
III деңгей
- Петропавл қаласының мәдени орындарын атаңдар.
- Көлік және саяхат туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.
II деңгей
- Мәдени орындарға қай автобуспен (немесе қалай) жетуге болатынын сұрап біліңдер.
- Бір құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасаңдар.
I деңгей
«Көліктер» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар.
V. Ойтолғау
Саған қандай көлікпен саяхат жасаған ұнайды? Неге?
VI. Үй жұмысы
Үш құрмалас сөйлем құрастырып, әрқайсысына синтаксистік талдау жасаңыздар.