Шаңырақ сырға құлақта, Мөлт - мөлт еткен меруерті

Мағжан Жұмабаев

1. ЕСКІ ШАҺАР
Ескі шаһар - таң дүние,
Салар болсаң назарың,
He көресің?
Көресің -
Майдан сайын мазарын.
Мазар сайын мың сопы
Саулатып тұрған ғазалын.
He көресің?
Көресің -
Мөлиген мешіт ажарын.
Мешіт сайын сан молда
Аңыратып тұрған азанын.
He көресің?
Көресің -
Ыңыл-жыңыл базарын -
Бүлкілдетіп әр жерде
Қайнатып жатқан қазанын.
He көресің?
Көресің...
Тоқтайын, талар назарың!

2. АРБАКЕШ
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы.
Ырғалады ол, ырғалад
Астындағы жорғасы.
Қойнында бар қауыны,
Қолында қызыл алмасы.
Кұлаққа гүл қыстырған,
Берген шығар қарғасы.
Сағыздай созар сәлемін,
Қарсы келсе молдасы.
Мешіт көрсе, мөлиед
Тұрғандай төніп Алласы.
Өте берсе орыстың
Бүлкіл бөксе маржасы -
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы!

3. ӘЙЕЛ
Пәренжі үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шімбеті.
Шімбетінің астында
Гүл шырайлы шын беті.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Зәмзәм құйған құтыдай
Домаланған келбеті.
Тарта беру тымпиып -
Көшеде оның міндеті.
Ағузы біллеһи, әйелге
Мұтлақ харам ер беті .
Түркістанның тақсыры-ай,
Құдіреттен күшті-ау құдіреті.



Ұқсас жұмыстар

Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
Мағжан қазақ әдебиетінде
Ұлдан ұлағат, қыздан инабат туралы ақпарат
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
Сөзден сыр түйген қаламгер
Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Қашпаңдар қара бояудан
Тақырып идеяға тартылған жол
Мақсатына жеткен жан
Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана
Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы
Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі - қазақ өкілдерінің 1916 жылы 7 тамызда Орынбор қаласында еткен кеңесі
Бір оқытушының сабағынан ала алмай әбден әбіржіп кеткенім
Құрметті шаңырақ көтеруші Жас жұбайлар
Ұсталық кәсіп - ертеден келе жатқан кәсіп түрі болып табылады, ол көшпенділер өмірінде халықты шаруашылық және тұрмыстық маңызы бар бұйымдармен қамтамасыз еткен
Айғаным Есіл бойын мекен еткен отырған атақты Мәлім қажының ұлы Сарғалдақтың қызы
Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын
Алдияр ханым, барлық керемет осы лақты билеткен қойшының сыбызғысында