Үстеудің сұрақтарын атаа
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы
М. Маметова атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал: «Менің көңіл күйім».
II. «Сөздер жиынтығы» әдісі
- Әр сөздің екінші дыбысын алып, жаңа сөз құрау.
- Үстеу туралы негізгі ұғымдарды қайталау.
Үй тапсырмасына негіз
«Сөздер жиынтығы»: түзу, асық, ата, себет, сурет сөздерінің екінші дыбыстарынан сөз құрау.
III. Топқа бөлу және топтық жұмыс
1-топ
Мезгіл үстеуі
Тапсырма: жұмбақтан үстеуді тауып, сұрақ қою.
Түнде бармын, кешке жоқпын.
2-топ
Мекен үстеуі
Тапсырма: өлең жолдарынан үстеуді тауып, сұрақ қою.
Жоғары, төмен үйрек-қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрыла басып былқылдап.
3-топ
Сын-қимыл үстеуі
Тапсырма: мақалдан үстеуді тауып, сұрақ қою.
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай.
Постер қорғау
Әр топ өзіне тиесілі үстеу түрі туралы білетіндерін постер арқылы түсіндіріп, қорғайды (мекен, мезгіл, сын-қимыл).
Топқа бөлу: түрлі-түсті стикерлер арқылы.
IV. Оқулықпен жұмыс
27-жаттығу
«Тиін» тақырыбына қатысты сөздерді таңдап, олардың қай сөз табына жататынын анықтау және дәлелдеу: зат есім, сын есім, үстеу, етістік.
Сергіту сәті
«Ұлытау — Жұмыр қылыш»
28-жаттығу — Семантикалық карта
Үстеулерді мағынасына қарай топтап жазу:
Сөздер: жол-жөнекей, әуелден, былтыр, ілгеріде, әлдеқашан, тысқары, күндіз, мұнда, төмен, сонда, үнемі, тез, ежелден, қолма-қол, баяу, әрең-әрең, етпетінен
Мезгіл
- былтыр
- әуелден
- әлдеқашан
- күндіз
- ежелден
- үнемі
Мекен
- тысқары
- төмен
- сонда
- ілгеріде
- мұнда
Сын-қимыл
- жол-жөнекей
- қолма-қол
- етпетінен
- баяу
- әрең-әрең
- тез
29-жаттығу — «Дәлелдеу» әдісі
Берілген сөздердің үстеу екенін дәлелдеу және ауызша сөйлем құрау:
- 1-топ: жаздыгүні
- 2-топ: кенеттен
- 3-топ: сыртта
Көркем жазу
Әр үстеу түріне қатысты үш үстеу сөз жазу.
V. Сабақты қорытындылау
Тест тапсырмалары
-
Үстеу дегеніміз —
- а) Заттың сапасын, сынын білдіреді
- ә) Іс-қимылдың әр түрлі сапасын, мезгілін білдіреді
- б) Заттың іс-қимылын білдіреді
-
Үстеудің сұрақтарын ата
- а) Қайда? Қашан? Қанша? Қалай?
- ә) Қайда? Қашан? Қалай?
- б) Қашан? Қанша? Қай?
-
Үстеулер ең алдымен қай сөз табының алуан түрлі белгілерін білдіреді?
- а) Етістік
- ә) Есімдік
- б) Сан есім
-
Қосарлану арқылы жасалған үстеуді көрсет
- а) құр босқа, жай әншейін
- ә) бостан-бос, оп-оңай
- б) жылдам, баяу, қазір
-
Еріншектің ... таусылмас
-
Әлемнің бар екі күзетшісі:
Бірі – күндіз тынығады,
Бірі – түнде тынығады
Жауаптары
- 1: ә
- 2: ә
- 3: а
- 4: ә
- 5: ертеңі
- 6: күн мен ай
Рефлексия — «Табыс кілті»
Мен түсіндім
Тақырыптың негізгі ұғымдарын айта аламын.
Мен жасай аламын
Үстеулерді түріне қарай ажыратып, сөйлемде қолдана аламын.
Мен түсінбедім
Қай тұсы қиын болғанын нақтылаймын.
Бағалау
Топ басшыларының бағалауы және мұғалімнің қорытынды бағалауы.
VI. Үй тапсырмасы
- Ережелерді қайталау.
- Әр үстеу түріне қатысты 2 сөйлемнен жазып келу.
- «Сөздер жиынтығы» тапсырмасы: берілген сөздердің екінші дыбыстарынан сөз құрау.
Қосымша тапсырмалар (қаласаңыз)
Өлең жолдарындағы бос орындарға мағынасына сай үстеуді қойып жазыңыз:
Мына тұрған тайлағым, Келмейді оны ...
Сирақ, мойын көрік деп, Жүр жирафқа ...
Мына тұрған торайым, Танауына ...
Шалшыққа кеп аунайды, Нас баладан ...
Мына тұрған арғымақ, Мінем оған ...
Тістемейді, теппейді, Бос қойсам да ...
Негізгі ұғымды бекіту
Үстеу түрі
Мезгіл
Қашан? Қай кезде?
Үстеу түрі
Мекен
Қайда? Қай жақта?
Үстеу түрі
Сын-қимыл
Қалай? Қайтіп?