Күрделі теңдеу. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты
Негізгі ұғымдар
- Теңдеу — белгісіз саны бар теңдік екенін түсінеді.
- Теңдеудің түбірі — белгісіз санның мәні, яғни теңдеудің шешімі екенін меңгереді.
- Теңдеу шешу — теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратын белгісіздің мәнін табу екенін ұғынады.
Дағдыларды дамыту
- Мазмұнына байланысты: теңдеу шешу тәсілдерін меңгереді, күрделі теңдеуді шешу үшін алдымен есептеуге болатын бөлігін ықшамдайды.
- Сын тұрғысынан ойлау: өз бетінше шешім табуға дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады.
- Топпен жұмыс: математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге машықтанады.
Ұйымдастыру
- Көрнекіліктер
- Математикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірме парақшалар, сызба плакаттар.
- Сабақ түрі
- Жаңа материалды меңгерту.
- Оқыту әдісі
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі.
Сабақтың жүру барысы
I. Қызығушылықты ояту
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Математикалық сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ (есептеулер арқылы әріптерді табу)
- 72 − 12 = Е
- 46 + 16 = Ш
- 32 + 18 = Ң
- 64 − 44 = Т
- 98 − 23 = У
- 27 + 40 = Е
- 27 + 4 = Е
- 35 − 8 = Ш
- 53 + 20 = У
- 48 − 8 = Д
Берілген реттілік: 20, 60, 50, 40, 67, 73, 62, 31, 27, 75
Шешімі: ТЕҢДЕУ ШЕШУ
II. Мағынаны тану
Негізгі сұрақтар
- Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеудегі белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
Таразы арқылы түсіндіру (модельдеу)
Таразының сол жағында 15 кг, 9 кг және x кг қораптар, ал оң жағында 30 кг картоп бар. Таразы тең болғандықтан, екі жақтағы массалар тең:
Теңдеу: 15 + 9 + x = 30
Алдымен есептелетін бөлікті орындаймыз: 24 + x = 30
Белгісізді табамыз: x = 30 − 24 = 6
Тексеру: 15 + 9 + 6 = 30 → 30 = 30
Ескерту: күрделі теңдеуді шешу үшін алдымен ықшамдауға болатын бөлігін есептеп алып, содан кейін жәй теңдеуге келтіреміз.
Топпен жұмыс (теңдеулер)
1-топ
- 35 + 23 + x = 100
- (30 − 15) + y = 80
2-топ
- x − (23 + 17) = 60
- a + (45 − 30) = 75
3-топ
- 70 − a = 8 + 9 + 2
- x + 12 = 50 − (15 + 5)
Есептейік, дәлелдейік, тексерейік
1-топ
- 78 + 9
- 46 + 44
- 57 + 29
- 70 + 19
2-топ
- 80 − 57
- 98 − 35
- 100 − 89
- 50 − 38
3-топ
- 100 − 83
- 50 − 17
- 90 − 65
- 70 − 63
Ой шақыру (мазмұнды есептер)
1-топ (№4, а)
Болғаны: 56 м. Қиып алғаны: 19 м және 14 м. Қалғаны — ?
2-топ (ә)
1-орам: 19 м. 2-орам — ? (7 м ұзын). 3-орам — ? (11 м қысқа). Барлығы — ?
3-топ (б)
Болғаны: 56 м. Қиып алғаны: 19 м. Сонша тағы қиып алынды. Қалды — ?
III. Еске түсір
Периметр
Периметр — көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
A) a = 3 см, R = ?
- 1) R = 3 + 3 + 3 + 3 = 12 см
- 2) R = 3 × 4 = 12 см
Ә) a = 5 см, b = 2 см, R = ?
- 1) R = (a + b) × 2 = (5 + 2) × 2 = 14 см
- 2) R = 5 + 5 + 2 + 2 = 14 см
Сағат неше?
- 1) 8-ге 10 минут қалды.
- 2) 1-ден 15 минут кетті.
- 3) 10-ға 25 минут қалды.
- 4) 5-ке 5 минут қалды.
- 5) 7-ден 20 минут кетті.
IV. Ой толғаныс
Талдау жасайық
Теңдеу үлгісі (белгілер арқылы): 5○ = 2□ + 4▲
Тапсырма: берілген белгілердің мәндерін тауып, теңдіктің дұрыс орындалатынын дәлелдеңіз.
«Білемін — Үйрендім — Үйренгім келеді»
| Білетінім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
|---|---|---|
| Жәй теңдеуді шешу. | Күрделі теңдеуді шешу тәсілі. | Есепке теңдеу құру. |
V. Үй тапсырмасы
- №3 — қалған тапсырмаларын аяқтау.
- №7 — орындау.
VI. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланды. Сабақ аяқталды.