Оқушыларды көңілін сабаққа аудару

Тараз қаласы • №26 Абай атындағы орта мектеп

Математика пәні мұғалімі: Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы

Сабақ тақырыбы

«Жұлдызды сағат»

Сабақ түрі

Жарыс сабақ

Сынып

5-сынып

Формат

Математика апталығы аясындағы сайыс

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Өтілген тақырыптарды терең меңгерту, білімін, білігін және дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық

Математикаға қызығушылығын арттыру; мұқият тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, білімді практикамен ұштастыруға үйрету; шығармашылық пен логикалық ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Интерактивті тақта

    Тапсырмалар, сұрақтар, кезеңдер.

  • Плакаттар

    Сабақ тақырыбы және білім туралы нақыл сөздер.

  • Ребус, кеспе қағаздар

    Жеке және топтық тапсырмалар.

  • Пәндік сұрақтар

    Математика, қазақ тілі, орыс тілі.

  • Жұлдызшалар

    Дұрыс жауап үшін марапат.

  • Шарлар

    Сахналық безендіру.

Сабақ жоспары

I кезең

  1. Бәйге
  2. Қай пәнді қалайсың?

II кезең

  1. Полиглот
  2. Сиқырлы жәшік
  3. Логикалық есептер

III кезең

  1. Кубизм тәсілі
  2. Сөз құрастыру
  3. Ребус шешу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Плакаттарды іліп, тақтаны дайындау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші

Өмір деген көк мұхиттың толқыны: бірі-бірімен шулап, жалғасып; бірі-бірімен тулап, арбасып. О, толқындар, арпалысып алға шық!

Т. Айбергенов жырлағандай, өмірдің өзі — сайыс. Бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Ендеше, жарысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші

Мінеки, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, кешіккендерді тоспаймыз. Математика апталығында «Жұлдызды сағатты» бастаймыз.

Құрметті қонақтар, мұны дұрыс ұғайық: математика пәні құрметтеуге лайық.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 5-сынып оқушыларының қатысуымен өтетін математикадан «Жұлдызды сағат» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға құр қарап, жым отыру жараса ма? Туыс-досқа, кластасқа, танысқа емес — соқ қолыңды білімді жас талапқа!

I кезең • «Бәйге»

Дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.

  1. Жұп сан дегеніміз не? (2-ге бөлінетін натурал сандар)
  2. Тақ сан дегеніміз не? (2-ге бөлінбейтін натурал сандар)
  3. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? (соңы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар)
  4. 10-ға қандай сандар бөлінеді? (0 цифрымен аяқталатын сандар)
  5. Қандай сандар 3-ке бөлінеді? (цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар)
  6. Жай сандар дегеніміз не? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)
  7. Құрама сандар дегеніміз не? (екіден көп бөлгіші бар сандар)
  8. Жұп жай сан бар ма? Болса, нешеу? (2; біреу)
  9. ЕКОЕ дегеніміз не? (берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал сан)
  10. Шеңбер дегеніміз не? (барлық нүктелері бір жазықтықта жатып, центрден бірдей қашықтықта орналасатын фигура)
  11. Радиус дегеніміз не? (шеңбер центрін оның бойындағы нүктемен қосатын кесінді)
  12. Диаметр дегеніміз не? (центр арқылы өтетін, шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді)
  13. Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда. (алымы мен бөлімін бірдей натурал санға көбейтсе немесе бөлсе, оған тең бөлшек шығады)
  1. Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші бөлшек)
  2. Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен үлкен бөлшек)
  3. Натурал сан қандай бөлшек? (бұрыс бөлшек)
  4. Аралас сан дегеніміз не? (бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан)
  5. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз? (алымы үлкені — үлкен)
  6. Алымдары бірдей екі бөлшекті қалай салыстырамыз? (бөлімі кішісі — үлкен)
  7. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесі. (алымдары қосылады, бөлім өзгермейді)
  8. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу ережесі. (ортақ бөлімге келтіріп, алымдарын қосамыз)
  9. Жай бөлшектерді көбейту ережесі. (алымдарын көбейтіп алым, бөлімдерін көбейтіп бөлім қыламыз)
  10. Аликвоттық бөлшек дегеніміз не? (алымы 1-ге тең дұрыс бөлшек)
  11. Өзара кері сандар дегеніміз не? (көбейтіндісі 1-ге тең екі сан)
  12. Жай бөлшектерді бөлу үшін не істейміз? (бөлінгішті бөлгішке кері санға көбейтеміз)
  13. Санның бөлігін қалай табамыз? (санды осы бөлшекке көбейтеміз)

I кезең • «Қай пәнді қалайсың?»

Жұлдызы аз оқушы пәнді өзі таңдайды.

Математика

Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?

Бөлікке сәйкес санды табу үшін берілген санды сол бөлшекке бөлу керек.

Қазақ тілі

Дауысты дыбыстардың түрлерін ата.

Ашық және қысаң дауыстылар.

Орыс тілі

Что такое имя существительное?

Имя существительное — часть речи, которая отвечает на вопросы «кто?» и «что?».