Құрманғазы атаның алғашқы күйі
Сабақ тақырыбы
Тарихи әндер мен күйлер
Сабақтың мақсаты
- 1) Білімдік: тарихи әндер мен күйлердің шығу тарихы және өнер иелері туралы мәлімет беру.
- 2) Тәрбиелік: қазақ халқының ой-арманының музыкада бейнеленуі мен оның өмірмен байланысын түсіндіру; оқушыларды ұлттық музыкалық мұрадан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
- 3) Дамытушылық: халық әндерін орындау және күйлерді тыңдау арқылы музыкалық қабілеттерін, есте сақтауын, ырғақ сезімін, музыканы қабылдауын, ықыласын, есту қабілетін, әншілік дауысын, ойлау мен елестетуін дамыту.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
Күйтабақтар, тақырыпқа байланысты суреттер мен плакаттар, ән мәтіндері, ұлттық аспаптар, компьютер, тест сұрақтары.
Әдістер
Сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, шығармашылық жұмыс.
Сабақ түрі
Сайыс, электронды сабақ үлгілері, лекция, кездесу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, бейнелеу өнері, информатика, өнер.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар сыныпқа компьютер арқылы берілген «Сарыарқа» күйінің әуенімен кіреді.
- Музыкалық сәлемдесу.
- Қонақтарға құрмет көрсету: бүгінгі сабаққа облыс мектептерінен қонақтар қатысады. Оларды сынып атынан қарсы алып, қош келдіңіздер айтылады.
- Сабақтың алғашқы бөлімі өткен тақырыптарды қайталау және білімді тиянақтау мақсатында сайыс түрінде өтеді.
1-қатар
Тұяқтас
2-қатар
Шаңқобыз
3-қатар
Асатаяқ
2) Қайталау сайысы: сұрақтар
- Бүгінгі сабақ бізді әнмен қарсы алды ма, әлде күй сазымен бе?
- Күй жеке аспапта орындалды ма, әлде оркестрмен орындалды ма?
- Күй қай композитордың күйі және қандай күй еді?
- 1-тоқсанда бұл күймен қай тақырыпты өткенде таныстық?
- Күй тарту мектебінің қандай түрлерін білесіңдер?
- «Сарыарқа» күйі қай түріне жатады?
- Шертпе күйге мысал келтіре аласыңдар ма?
- Жалпы, күй дегеніміз не?
- Төрт түлікке арналған ән-күйлер тақырыбында қандай күйлермен таныстық?
- Әннің/күйдің жай, орташа немесе тез орындалуын музыка тілінде қалай атаймыз?
- Жиын-тойларда жылдам суырып салып күй шығаратын күйшілерді қалай атаймыз?
- Тек суырып салма күйшілер ғана болады деп ойлайсыңдар ма?
- Анасына арнап күй шығарған қандай күйшіні білесіңдер? Күйінің атауын атаңдар.
- Өзіне арнап күй шығарған күйші және күйінің атауы қандай?
- Қандай динамикалық белгілермен таныстық?
3) Карточкалармен жұмыс
1-топ
«Зарланасың, ақ ешкі-ай, лағыңа, ой-дүние-ай...»
- Ән кімнің әні? Қандай ән?
- Бұл қай тақырыпқа арналған?
2-топ
«Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады...»
- Осы аңызға байланысты шыққан қандай күй? Авторы кім?
- Күйді қандай аспап орындайды?
3-топ
«Осы өмірге лайық, отты жағып...»
- Бұл қандай ән? Қай тақырыпқа арналған?
- Осы тақырыпқа байланысты тағы қандай әнді білесіңдер?
Сайыс бөлімінің нәтижесі қорытындыланып, жаңа тақырыпқа өтеміз.
Жаңа тақырып: тарихи әндер мен күйлер
«Елім-ай» әні: тарихи негізі
«Елім-ай» әнінен 2 шумақ оқылып, мазмұны қысқаша таныстырылады. Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі — 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы. Бұл нәубет елді туған жерінен, атамекенінен, ағайын-туысынан айырды. Дүрліккен жұрт босып, Қаратауға қарай үдере көшті. Осы қасіретті кезең халық жадында ән болып сақталып, «Елім-ай» дүниеге келді.
Негізгі ұғым
Халық басынан өткен нақты тарихи оқиғаларды шынайы бейнелейтін әндер тарихи әндер деп аталады.
Тыңдау және талдау
- Ән күйтабақтан тыңдалады.
- Плакаттағы сурет арқылы сол дәуір көрінісін талқылау (оқушылар өз ойларын айтады).
- Электронды сабақтан оқушылар орындауындағы нұсқаны тыңдау.
- Саз сырнай сүйемелімен бірге орындау: алдымен әуені тыңдалып, кейін оқушылар қосылады.
Сұрақ
Әннің сөзі мен әуенінен қазақ халқының қайғысы мен қиын кезеңін байқауға бола ма?
Тарихи күйлер: ел мұңының сазы
Тарихи оқиғаларға арналып ән ғана емес, күйлер де шығарылған. Мұндай шығармалар тарихи күйлер деп аталады. Соның бірі — Асанқайғы бабамыздың «Ел айырылған» күйі. Бұл күйде де атамекеннен айырылған халықтың мұңы мен зары бейнеленеді.
Күйді мектебіміздің өнерпаз күйшіcі Сырым Қапаров орындайды (тыңдау жұмысы).
Тарих пен күй: ғасырлар үні
- 1832–1836 жылдардағы халық тағдыры үшін күрескен Исатай мен Махамбетке Құрманғазы атамыз «Кішкентай» күйін арнаған.
- 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа Дина әжеміз «16-жыл» күйін шығарған.
- Құрманғазының «Кішкентай» күйі электронды сабақтан тыңдалады.
Қорытындылау және жаңа ән
Сабақ электронды оқулықтан алынған тест жұмысымен қорытындыланады (тест өткізу, нәтижесін талдау).
Елдің елдігін, ердің ерлігін танытатын мұраға сүйене отырып, «Туған ел» әнімен танысамыз: авторларын білу, мәтінін талдау, әуенін үйрену (1–2 шумақ).
Ән ұлттық аспаптармен (асатаяқ, мүйіз сырнай, тұяқтас) сүйемелденіп орындалады.
Тәрбиелік түйін: Батыр болған бабаңнан — ел қорғауды үйрен. Ару болған анаңнан — ар қорғауды үйрен. Туып-өскен жерім деп — жер қорғауды үйрен. Туған ел мен туған жер тарихын қастерлейтін, атамекенді алға бастайтын азамат болып өсіңдер!
Тест: «Тарихи әндер мен күйлер»
Электронды оқулық негізіндегі қорытынды тест сұрақтары.
-
1723 жылғы тарихи оқиғаға арналған қазақтың халық әні:
а) Елім менің ә) Елім-ай б) Туған жер
-
«Елім-ай» әні қандай аспапта орындалған?
а) Асатаяқ ә) Саз сырнай б) Жетіген
-
Құрманғазы қандай музыкалық аспапта орындаған?
а) Домбыра ә) Қобыз б) Сыбызғы
-
Хан қандай күйде домбыра шанағына қорғасын құйғызды?
а) Құлагер ә) Қара жорға б) Ақсақ құлан
-
«Ел айырылған» күйін кім шығарған?
а) Құрманғазы ә) Дина б) Асанқайғы
-
Құрманғазы атаның алғашқы күйі:
а) Кішкентай ә) Серпер б) Адай