Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы
Жолда жүру ережесін сақтаймыз! (сюжеттік-рөлдік ойын)
Көрнекілігі
- Бағдаршам
- Жол белгілері салынған суреттер
- Жолақ сызықты жол
- Буклет
Мақсаты
- 1 Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру.
- 2 Жол қауіпсіздігін есте сақтауға үйретіп, жол белгілерінің мағынасын меңгерту.
- 3 Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы-қозғаушы бөлім
Бүгін біз «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастаймыз. Жол заңы әр адамнан дұрыс жүруді, мұқият болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу — қауіпті жағдайларға әкеледі.
Неге бұл маңызды?
Қозғалыс тәртібі көбіне балалардың жол бойында бейберекет жүруінен, көлікке жабысып жүруінен немесе қалтарыстан аяқ астынан жолға шығып кетуінен бұзылады.
Салдары
Жол тәртібін сақтамау ауыр жарақатқа, тіпті қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан әрбір оқушы сабақта айтылған ережелерді мұқият тыңдап, күнделікті әрекетінен дұрыс қорытынды шығара білуі керек.
Үлгілі, тәртіпті бала көшеде де, жолда да ережені бұзбайды.
Ұйымдастырушы-ізденушілік бөлім
Жұмбақтарды шешу
Төмендегі жұмбақтардың жауабын табайық.
1-жұмбақ
Ала таяқ ұстаған, жол тәртібін нұсқаған.
Жауабы: полиция қызметкері
2-жұмбақ
Көше бойлап аяңдайды, адам тасып аялайды.
Жауабы: автобус
3-жұмбақ
Көліктің қаншасын үстінен өткізген, іргеден басталып, алысқа жеткізген.
Жауабы: жол
4-жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Жауабы: бағдаршам
5-жұмбақ
Арқаным бар тым ұзын, ала алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, бұл жұмбақтың шешуін.
Жауабы: жол
6-жұмбақ
Өзі сөйлей білмейді, бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
Жауабы: бағдаршам
Тәрбиешінің түсіндірмесі
Бағдаршам — өмірімізді қауіптен сақтандыратын маңызды көмекшіміз. Оның мәнін білу баршамызға қажет.
Біздің еліміздің барлық қала-аудандарында және ауылдарында ортақ көше қатынасы ережелері бар. Бұл ережені оқушылар да, ересектер де, жүргізушілер де бұлжытпай орындауы тиіс.
Сұрақ
Жиек жол деген не?
Адамдар жаяу жүретін, көше жиегіндегі тар жол.
Сұрақ
Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
Көлік жүретін жолдың ортасымен жүруге болмайды.
Бағдаршам белгілері
Қызыл
Тоқта!
Сары
Сақтан!
Жасыл
Жол ашық!
Қысқа өлең жолдары
Қызыл көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда, өте бергін, жасқанба!
Қорытынды шумақ
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата-ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа.