Шөл зонасының өзендері
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Қазақстанның табиғат зоналары
- Сабақтың түрі
- Жинақтап-қайталау сабағы
- Сабақтың мақсаты
-
Білімділік: оқушылардың табиғат зоналары туралы алған білімдерін қорытындылап, бекіту.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту; картамен және оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; білім-білік дағдыларын нығайту; география пәніне қызығушылықты арттыру; талдау және салыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа баулу; табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру; жауапкершілік сезімін дамыту.
- Сабақтың әдістері
-
- сұрақ-жауап
- кестемен жұмыс
- кескін картамен жұмыс
- тест
- сөзжұмбақ шешу
- Көрнекіліктер
-
- Қазақстанның физикалық картасы
- атлас
- оқулық
- жануарлардың суреттері
- үлестірмелі материалдар
- электрондық тақта
Сабақтың жоспары
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Бой сергіту
- III Табиғат зоналарына сипаттама
- IV Адасқан жануарлар
- V Ой қозғау
- VI Сен маған — мен саған (өзара сұрақ қою)
- VII Көп оқысаң, көп білесің
- VIII Сөзжұмбақ шешу
- IX Бекіту
Сабақтың барысы
I кезең. Бой сергіту (сұрақ-жауап)
Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.
I топтың сұрақтары
- Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатқан табиғат зонасы қайсы?
- Орманды даланың ірі өзендерін ата.
- Шөлдің климаты қандай?
- Шөл зонасына тән өсімдіктерді ата.
- Дала зонасының негізгі топырағы қандай?
- Шөлейт зонасындағы жауын-шашын мөлшері қанша?
- Шөл зонасындағы құмдардың пайда болу себебі қандай?
- Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл өсімдігін ата.
- Орманды дала мен дала зонасында қандай жануарлар мекендейді?
- Шөл зонасындағы өзендерді ата.
II топтың сұрақтары
- Тастақ (тасты) шөлдер еліміздің қай аймақтарында кездеседі?
- Тоғай дегеніміз не?
- Шөлде құстардың қандай түрлері кездеседі?
- Шөлейттің климатына сипаттама бер.
- Орманды даланың жер бедері қандай?
- Батыс Сібір жазығында қандай орман түрлері таралған?
- Каспий теңізінен Тарбағатай тауына дейін созылатын табиғат зонасы қайсы?
- Еліміздің шамамен 44%-ын алып жатқан табиғат зонасы қайсы?
- Жалпы Сырт қыратына тән ормандарды ата.
- Шөлейт зонасындағы шаруашылықтың негізгі түрі қандай?
II кезең. Табиғат зоналарын сипаттау
Берілген сипаттамаға сүйеніп, қай табиғат зонасы екенін анықтаңыз.
I топқа тапсырма
С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» поэмасынан үзінді:
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел — жайлау, өзен яғни көл болмайды.
Бұтасы қи болады, қара жусан,
Көгара бетегелі бел болмайды.
Сұрақ: үзіндіде қай табиғат зонасы туралы айтылған?
II топқа тапсырма
І. Жансүгіров поэмасынан үзінді:
Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,
Кеудені керіп көкке сермеп кеткен.
Қия-құз, жоқпар сарай, бура тастар,
Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен.
Сұрақ: өлеңде қай жер туралы айтылған?
III кезең. «Адасқан жануарлар»
Оқушылар жануарларды табиғат зоналарына дұрыс орналастырады (картамен және суреттермен жұмыс).
IV кезең. Ой толғаныс
«Семантикалық карта» стратегиясы арқылы қорытындылау.
V кезең. «Сен маған — мен саған»
Топтар бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды.
VI кезең. «Көп оқысаң, көп білесің»
I топ: Орманды дала және Дала зоналарын қорғау (дәлелдеу, сипаттау).
II топ: Шөлейт және Шөл зоналарын қорғау (дәлелдеу, сипаттау).
VII кезең. Сөзжұмбақ
Көлденеңінен
- Орманды дала зонасына тән ағаш.
- Қазақстан аумағының 27%-ын алып жатқан табиғат зонасы.
- Дала зонасының өсімдігі.
- Орманды далаға жерсіндірілген жануар.
- Салмағы 16 кг-ға дейін жететін құс.
- Шөлейттің өзені.
- Дала мен шөлдің арасындағы зона.
- Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін бұталар.
- Орманды дала зонасына солтүстіктен қоныс аударған жануар.
Тігінен
- Біздің мемлекет.
Бекіту: тест тапсырмалары
Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап нұсқасын таңдаңыз.
1) Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы:
- A) мелиорация
- B) құнарлығы
- C) эрозия
- D) денудация
- E) кептіру
2) Топырақтың құнарлы қабаты қалай аталады?
- A) сазды қабат
- B) ауыспалы қабат
- C) қарашірікті қабат
- D) құмды қабат
- E) құмдауытты қабат
3) Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала зонасының топырағы:
- A) сұр топырақ
- B) қара топырақ
- C) сортаң топырақ
- D) қоңыр-сұр топырақ
- E) сарғылт топырақ
4) Топырақ деп нені айтамыз?
- A) жердің беткі, жұқа құнарлы қабатын
- B) батпақты
- C) құмды
- D) тыңайтқышты
- E) шаң-тозаңды
5) Қазақстанның дала зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері (мм):
- A) 300–450
- B) 220–310
- C) 100–250
- D) 100–370
- E) 150–310
6) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының өсімдігі:
- A) жүзгін
- B) дермене жусаны
- C) құм қарағаны
- D) бұйырғын
- E) селеу
7) Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әртүрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар:
- A) тасты шөл
- B) құмды шөл
- C) тақыр
- D) тоғай
- E) ну орман
8) Орманды дала зонасында өсетін ағаштар:
- A) балқарағай, шырша
- B) сексеуіл, жыңғыл
- C) қайың, көктерек
- D) шырша, қарағай
- E) майқарағай, тобылғы
9) Қазақстан аумағының қанша пайызын дала зонасы алып жатыр?
- A) 26
- B) 27
- C) 28
- D) 29
- E) 30
10) Шөлейт зонасының негізгі топырағы:
- A) қара топырақ
- B) қызыл-қоңыр
- C) қоңыр
- D) ашық қара-қоңыр
- E) қызғылт
Дұрыс жауаптары
Үй тапсырмасы
Оқу
38–39-параграфтарды оқу.
Сарамандық жұмыс №8
- Кескін картаға табиғат зоналарының шекарасын сызып, бояу.
- Оқулықтың 168-бетіндегі табиғат зоналарының біріне жоспар бойынша сипаттама беру.