Қала аты
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Біздің Отанымыз — Қазақстан. Астана.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың типі
Жаңа білім беру.
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Электронды оқулық
- Қазақстанның физикалық картасы
Сабақтың мақсаты
Негізгі оқу мақсаты
- Қазақстан аумағының кеңдігі мен табиғат жағдайларының алуан түрлі екенін түсіндіру.
- Оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы білімін кеңейтіп, толықтыру.
Тәрбиелік бағыты
- Елін, жерін, Отанын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Астана туралы
- Астананың тарихы мен орналасуын білу.
- Астана туралы деректер мен қызықты мәліметтер арқылы дүниетанымды кеңейту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға сабақ ережелері түсіндіріледі.
- Тыныштық сақтау
- Бір-бірімізді тыңдау
- Ойымызды толық жеткізу
II. Үй тапсырмасын сұрау және бекіту
1) Жалпыхалықтық мерекелер
Бұл мерекелер республикадағы барлық халыққа ортақ.
- 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні
- 22 наурыз — Наурыз мейрамы
- 12 сәуір — Ғарышкерлер күні
- 1 мамыр — ҚР халықтарының бірлігі күні
- 9 мамыр — Жеңіс күні
- 6 шілде — Астана күні
- 30 тамыз — Конституция күні
- 1 маусым — Балаларды қорғау күні
- 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні
- 1–2 қаңтар — Жаңа жыл мейрамы
- 1 қыркүйек — Білім күні
2) Кәсіптік мерекелер
Кәсіп мамандарының еңбегін атап өтуге арналған мерекелер.
- Мұғалімдер күні — 7 қазан
- Дәрігерлер күні — 19 маусым
- Теміржолшылар күні — 5 тамыз
- Құрылысшылар күні — 14 тамыз
- Медбикелер күні
- Шахтерлер күні
- Шопан тойы
- Сабан той
3) Тест тапсырмалары (оқулық, 170-бет)
-
1. Асар жасау:
- а) той
- ә) елді жинап, ас беру
- б) түрлі жарыс ұйымдастыру
- в) туыс-туған жиналып, бір іске көмектесу
-
2. Білім ошағы:
- а) сынып бөлмелері
- ә) географиялық алаң
- б) спорт залы
- в) компьютер, теледидар
-
3. Шаруа қожалығы:
- а) салық төлейтін ұйым
- ә) ұжымшар
- б) шаруашылық жүргізу жүйесі
- в) шаруашылық ұжымы
-
4. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз:
- а) кәсіптік мереке
- ә) отбасылық мереке
- б) жалпыхалықтық мереке
- в) ауылшаруашылық мерекесі
III. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау: «Қазақстан» сөзіне топтастыру
2) Тақырып бойынша мәліметтер
Электронды оқулықты пайдаланып, «Қазақстан» және «Астана» тақырыптары бойынша негізгі деректер таныстырылады.
3) Оқулықпен жұмыс
-
а) Топтық оқу
1-топ: «Біздің Отанымыз — Қазақстан» мәтінін іштей оқиды.
2-топ: «Астана» мәтінін іштей оқиды.
Әр топтан бір оқушы мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқиды.
-
ә) Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру
Қима қағаздар арқылы сұрақтарға жауап беріледі.
I-топқа
- Қазақстан жерінің ұлан-байтақтығын немен дәлелдеуге болады?
- Еліміздің табиғаты неліктен алуан түрлі деп ойлайсың? Қандай белгілері бар?
II-топқа
- Астанада қандай маңызды істер атқарылады?
- Астананың Қазақстан халқы үшін рөлі қандай?
IV. Сарамандық жұмыс
1-топ
Қазба байлықтардың картада белгілену шартты белгілерін салып көрсету.
2-топ
Кескін картаға Қазақстанның шекарасын түсіріп, көрші мемлекеттердің атауларын жазу.
V. Мақал-мәтелмен жұмыс
- Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.
- «Отан» тақырыбы бойынша оқушыларға өздері білетін мақал-мәтелдерді айтқызу.
VI. Тақырыпты бекіту
1-топқа: «Қазақстан» тапсырмасы
Төмендегі ұғымдарға сәйкес жауаптарды табу.
- Қала аты
- Теңіз аты
- Біздің облыс
- Әсем қала
- Киелі құс
- Бас қала
- Тау аты
- Киелі өсімдік
- Сұлу жануар
2-топқа: «Астана» сөзжұмбағы
Сөзжұмбақты шешу арқылы тақырыпты бекіту.
- Бұрынғы аты
- Өзен
- Көркем ғимарат
- Алмалы қала
- Бағалы тас
- Жер атауы
VII. Қорытынды және бағалау
- Бүгін қандай тақырыптарды өттік?
- Сабақтағы тапсырмалардың барлығын меңгердіңдер ме?
- Қай тапсырмалар қиындық тудырды?
VIII. Үй тапсырмасы
Мәтінмен жұмыс
Мәтіндерді түсіндіріп оқу.
- 1-топ: «Астана — әсем қала»
- 2-топ: «Менің Отаным — Қазақстан»
Шығармашылық тапсырма
- «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында эссе жазу.
- 5 жолды өлең немесе 1 шумақ өлең құрастыру.